Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Дәріс 7. Танымдық үрдістер психологиясы



Pdf көрінісі
бет12/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Дәріс 7. Танымдық үрдістер психологиясы 
 
 
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 
1.
Түйсік және қабылдау. Түйсік пен қабылдаудың түрлері, ерекшеліктері мен өзара 
байланысы.
2.
Қиял туралы жалпы түсінік. Қиялдың түрлері мен жасалу жолдары.
3.
Ес туралы түсінік. Ес теориялары мен түрлері. Есті дамыту жаттығулары.
4.
Зейін туралы жалпы түсінік. Зейіннің физиологиялық негізі, түрлері, қасиеттері. 
5.
Ойлау және сөйлеу. Ойлау мен сөйлеудің түрлері. Ойлау мен сөйлеудің генетикалық 
негізі. Сөйлеудің негізгі қызметі.
 
Түйсік туралы жалпы ұғым 
Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім 
мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік - біздің 
айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым 
психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына 
қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі - адам 
айналасындағы реалдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне 
байланысты ғана ми бейнелеуінен барып түйсік туады. Былайша айтсақ, түйсік-сыртқы 
әсердің сана фактісіне айналуы. Біздің қоршап тұрған дүниеде заттар мен құбылыстар 
шексіз көп кездеседі. Ал олардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттары болады. Белгілі зат 
не құбылыс адамға бетпе-бет кездесіп әсер етсе ғана түйсік туғыза алады. Кездеспеген зат 
пен құбылыс адамға әсер ете де алмайды, түйсік туғызуы да мүмкін емес. Тегі, дүние 
танудың алғашқы табалдырығы-осы түйсік.
Түйсіктің физиологиялық негіздері 
Түйсіктердің физиологиялық негіздері организмнің арнаулы нервтік механизмі 
анализаторларда іске асып отырады. Кибернетика тілімен айтқанда, адам - өзін - өзі 
басқаратын система. Анализаторлар - сол системаның негізгі информациялау мүшесі. 
Организм барлық анализаторлардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық 
нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады: бірде жаңа реакция тудырып, бірде 
бұрын өтіп жатқан әрекеттің барысында өзгеріс кіргізіп, оны түзетіп, бағыттап береді. Ми 
қабығында ылғи үздіксіз өтіп жатқан күрделі қызмет анализатор арқылы іске асып 
отыратын кері байланысқа сүйенеді. 
Анализаторлар үш бөлшектен құралады: 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет