тізбегі, олардың ұзақтығы, шексіз дамуы көрініп отырады. Материялық процестер
кеңістікте барлығы бірдей бір мезгіле бола бермейді: олардың біреуі ерте, біреуі кеш
дамиды. Процестердің айырмашылығы
қашан басталғандығында емес, қанша ұзақтыққа
созылғандығында. «Дүниеде қозғаушы материядан басқа еш нәрсе жоқ, ал қозғаушы
материя кеңістікпен уақыттың ішінде қозғалмайынша басқаша қозғала алмайды», дейді.
Қабылдаудың тұрақтылығы
Қабылдаудың тұрақтылығы заттардың үлкендігін, түрін, түсін
көзбен анық
байқауына байланысты.Физикалық жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттарды өзгертпей
қабылдау, бір қалыпта бейнелеу қабылдаудың константтылығы деп аталады.
Көру иллюзиялары
Көр иллюзиялары деп заттардың алыстығын, түрін үлкендігін қате, жаңсақ
қабылдауын айтады. Айналадағы заттарды шаққа,
осы шақтан келер шаққа ауысып, бір
бағытта жүріп отырады. Уақиғалардың ауысып отыруы-олардың объективтік белгісі.
Ондай тізбектілік жеке адамның түйсігі мен қабылдауы арқылы болатын субъективтік
құбылыс емес, ол адам санасынан тәуелсіз өтіп жатады. Уақытты қабылдау деп шындық
құбылыстардың тізбегін, бір ізділігін, тездігін, объективтік ұзақтығын бейнелеу процесін
айтамыз.
Ойлау үрдісі
Ойлау
– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы,
дүниені
тану
мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен
құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және
тарихи-әлеуметтік тәжірибесі,
материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып,
бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады.
Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана
білеміз.
Түйсік
,
қабылдау
процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары
жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы
дүние заттары мен
құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен
байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі
мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау
– заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи
байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау - таным
процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғары процесс. Дәлдеп айтқанда,
ойлау -
адам баласына ғана меншікті психикалық процесс.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау
танымдық процестер арқылы алған мәліметтерді өңдейді. Ой-сыртқы дүнині бейнелеудің
ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамға жеткізетін құрал. Бала тілі шықпай тұрған
кезденде ойлай алады. Ойлаудың пайда болуына жаңа,
белгісіз нәрселерге зер салып,
қызығудың да маңызы зор. Белгісіз, түсініксіз заттарды білуге деген құштарлық, түрлі
сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Адамның
ойлауы сұраққа жауап беруден , мәселені шешуден , оның мән-мағынасын түсіне білуден
жақсы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: