Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет13/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Перифериялық орган
- сезім мүшелері (рецепторлар); 
2.
Өткізгіш бөлім -
рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын 
афференттік және эфференттік жолдар; 
3.
 
мидағы орталықтар.
Түйсіктердің түрлері 
Түйсіктер, біздің сезім мүшелерімізге байланысты, көру түйсігі, есту түйсігі, дәм 
түйсігі, искеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық 
түйсіктер болып бірнешеге бөлінеді. Қай жерде орналасуына, тітіркендіргішті қайдан 
алуына қарай, рецепторларды үш топқа бөлуге болады:
1.
экстерорецептор; 
2.
проприорецептор; 
3.
интерорцепторлар. 
Қабылдау 
Адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам анализаторларында 
тұтастай бейнелену процесін 
қабылау 
дейді. 
Тұтас, мағыналы түрде, затты бейнелеп қабылдау бірнеше түйсіну анализаторлары 
арқылы іске асады. Түйсінумен салыстырғанда, қабылдаудың айырмашылығы заттарды, 
нәрселерді, құбылыстарды тұтастай сәулелендіруінде. 


Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында (оған бірнеше түйсіктердің кіруінде) 
емес, сапалық жағында да болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті 
т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. 
Мелодияны қабылдағанда оны жай ғана дыбыстың қосындысы деп қараймыз, ең алдымен 
сол дыбыстардың гармоникалық үйлесімі, дыбыстың үндесіп сәйкестенуі деп танимыз. 
Адам дыбыстың биіктігін, күшін, тембрін түйсініп отырумен қатар, басқа біреудің 
дауысын, судың сарқырауын, балалардың айқай-шуын, трамвайдың салдарын айырып 
ұғына алады. 
Әдетте адам қабылдаған объектілерін атап отырады, басқаша айтқанда, бұл процеске 
екінші сигналдық система да қатысады. Қабылдау процесі бейнелеп отырған затты 
түсінуді, аңғаруды, адамның өткен тәжірибесімен байланыстыруды тілейді. Бұл 
айтылғандардан қабылдау процесінің, түйсікпен салыстырғанда, анағұрлым күрделі 
екендігін көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет