Дәріс 5. Психологиядағы тұлға психологиясы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Тұлға туралы жалпы түсінік.
2. Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.
3. Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға теориялары.
Адам – саналы тіршілік иесі. Адамды көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия,
физиология, медицина (биологиялық тіршілік иесі ретінде) және қоғамдық ғылымдар:
педагогикалық психология,
социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б.
Қоғамдық ғылмдар ададмды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар
адамды жеке адам (кісі, азамат) тұрғысынан зерттейді.
Ал жеке адамдды (ұғым) біз қалай анықтаймсыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар
дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын,
адамдармен тіл арқылы
қатынас, байланыста болатын адам.
Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді.
Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.
Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңддылықтарын зерттейді.
Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді (А.В. Леонтьев, К.К.
Платонов, Г. Омпорт).
Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді.
Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы
ерекше көзге түседді. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік
сфераларда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін.
Интеллект – басқалар байқамайтын
нәрсені көре білу қабілеттлігі; естіген, білгенді
өңей білу ерекшелігі, әртүрлі мәселе қойып, оны шеше білу ерекшелігі.
Сезімдік-эмоциялық шапшаңдығы, сезімталддық,
сезімдегі нәзіктік, сұлулықты,
үйлесімділікті сезе білу.
Еріктік – ерік-күш жігерінің жоғарылылығы, таң қаларлық ерлік жасай білуі,
ұстамдылық таныта білуі.
Жеке адамды зерттеуде бірнеше ағымдар, тұжырымдар бар.
1.
Биогенетикалық концепция. Оны ұстаушылар – американ психологы С. Холл,
неміс психологы Э. Кречмер және австрия психологы – психоанализ теориясының «әкесі»
З. Фрейд. Бұлардың көзқарасы бойынша жеке адамда негізгі болып табылатын –
тұқым
қуалаушылық. Холл – филогенездің онтогенезде қайталануы, Кречмер – адам типтері
оның дене құрылымына ғана байланысты. Фрейд – адамның мінез-құлқы тек қана
биологиялық инстинктеріне, қызығуларына, құмартуларына байланысты –
дейді
(қоғамның рөлін төмендетеді).
2.
Қарама-қарсы ағым – социогенетикалық көзқарас. Әлеуметтендіру теориясы – адам
биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келіп, әлеуметтік жағдай әсерінен ғана жеке
адам болып қалыптасады.
3.
Үйрету теориясы – Торндайк, Скиннер жеке адамның қалыптасуы тек үйрету мен
білім және дағының әсері. Рольдер теориясы – қоғам әр адамға, оның қоғамдағы орнына
байланысты ғана рөлді ұсынады. Солардың арқасында оның мінезі, қарым-қатынасы
қалыптасады. Адамның биологиялық ерекшеліктерін толығымен мойындамау.
4.
Психогенетикалық концепция – бұл тұжырым
бойынша бірінші орында
биологиялық ерекшелік те емес, қоршаған орта да емес, тек психологиялық процестер
алға шығады.
Қызығу жанама және тікелей қызығу болып бөлінеді.
Тікелей - іс-әрекеттің (шахмат ойнау, кітап) өзіне қызығу, жанама –
іс-әрекет
нәтижесінде (оқуды бітіру, білім алу) қызығу.
Қызығулар, жан-жақты, тұрақты деңгейімен анықталады. Жеке адам құрылымында
дүниетаным, сенім және иеал маңызды орын алады, ол ғылымилық, жүйелілік, логикалық
дәйектілік пен дәлелдік, жалпылау және нақтылау деңгейі,
іс-әрекет пен мінез-құлық
байлнаыстарынан көрінеді (адамның білімінің, ақыл-ой деңгейінің тереңдігіне,
адамгершілік қасиеттеріне байланысты).
Адамның сезімі – мінез-құлқының сапалы мотиві, адамның іс-әрекетіне маңыздылық
пен айқын бағыттылық және сезімдермен тығыз байланысты (адамгершілікке сену,
құдайға сену). Маңызды мотивтердің бірі – идеал. Идеал – жеке адамның осы уақыттағы
сенетін образы, соны басшылыққа ала отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жүзеге асыру. Санадан
тыс түрткілер адамның (құмарту) ынтығу (асқа, жыныстық ынтығу) және бағдар.
Адамның қажеті мен мақсатын жөнді сезе алмаған жағдайда бағдар болады.
Достарыңызбен бөлісу: