етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білудің
абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты, объективтік шындықты
танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта
айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психологияның гноселогиялық негізі болып
саналады.
Сана қоршаған
әлемді өзара байланыстыра, яғни әлемді біртұтас жүйе ретінде
бейнелейді. Сондықтан сана іс-әрекет бейнесінің жоғарғы формасы болып табылады.
Сана арқылы адамның айналадағы әлеммен қарым-қатынас формалары реттеледі. Сана
шындықты субъективті сезінуді білдіреді. Санаға адамның айналасындағы барлық
жағдайларға қатысы тән болып келеді.
Сана адамның психикалық әрекетінің барлық формаларын қамтиды: сезіну,
қабылдау, ойлау, сезім мен ерік. Осы өзіндік сапалы ерекшекліктерге ие
психикалық
құбылыстардың әрқайсысы жеке, бөлек емес, біртұтас сананың
бір қыры немесе бөлігі
болып табылады.
Сана саналы түрде сезінуші индивидтің өзі үшін де, тіл арқылы басқа адамдар
үшін де объектиті болып табылады. Ойды жеткізу формасы ретіндегі тіл арқылы адам өзін
басқа
табиғаттан ерекшелей алады, табиғат заңдылықтарын ашып, тәжірибеде оларды
қолдана алады. Сана-адам индивидтілігінің негізгі анықтамасы
Бақылауға арналған сұрақтар:
1.
Адаманың психикасынан жануардың психикасының айырмашылығы неде?
2.
Сана дегеніміз не?
3.
Психиканың даму кезеңдері қандай?.
4.
Адам санасы дегеніміз не?
5.
Жануарлардағы
инстинкт, үйрену және интеллект деген3м3з не?
6.
Жануарлар іс-әрекетінің адам әрекетінен ерекшелігі бар ма ?