Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Инстинктік әрекет 
Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып бойына 
біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады. Инстинктің физиологиялық негізі-шартсыз 
рефлекстердің ұзына бойына байланысқан тізбектері. Сырттан келген комплекстік 
әсерлерге жауап ретінде осы тізбектің бір буыны қозса, басқа буындары да өздігінен қоза 
бастайды, бұны тізбекті реакция деуге болады. Инстинктердің қандай түрі болса да, 
мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар: 


1) Амалдық тұтастық. Егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз 
уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып, жануар үшін 
биологиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, ұя салу, аң аулау, ұясына, 
ініне тамақ жинау). 
2) Туа пайда болу. Бұл-жануарлардың нерв системасының бойына біткен тұқым 
қуалау арқылы берілген қасиеті. Инстинкт сыртқа тебу үшін жануардың жеке басы 
меңгерген тәжірибесінің қажеті жоқ. Инстинкт қайталап отыруды тілімейді. 
3) Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты боп, жануарлардың “ақылына” 
байланысты секілді боп көрінгенмен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды. 
Мәселен, араның омарта жасауы инстинктік әрекет екені бізге белгілі.
4) Шаблондық. Жануарлардың белгілі бір түріне ылайықты инстинкт тұрақталады, 
бірінің амалдары екіншісінен бұлжымайды және инстинкт қимылдардың коплексі 
бұрыннан арнаға салынған белгілі тізбекпен өтіп жатады. Сөйте тұрса да, инстинктік 
амалдар мүлдем өзгермейді де қарауға болмайды. Мичуриндік биологияның айтуынша
организм жаңа тіршілік жағдайына түссе, онда жаңа белгілер, жаңа қасиеттер ұрпақтан 
ұрпаққа ауысып, бірнеше буынға шейін қалыптаса береді.
Жануарлардың дағдылары 
Инстинктімен салыстырғанда, жануарлар мінезінің пластикалығы әжептәуір 
күшейіп, ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің арта бастауы кейін дағдыға 
айналады. Дағдының физиологиялық негізі – күрделенген шартты рефлекстер. Дағды 
тұқым қуалауға емес, организмнің ортадан алған өмір тәжірибесіне байланысты. 
Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді. 
Жануарлар психикасының дамуында дағдылардың мәнін сипаттайтын мынадай 
ерекшеліктер бар: 
1. Түйсік пен қабылдауы күрделеніп, сыртқы ортаны соған байланысты бейнелеу 
процесі күшейе бастайды; 
2. Жануарлар заттарды, олардң сипаттарын қабылдап қана қоймай, заттар 
арасындағы қатынасты да бейнелей алады; 
3. Уақытша нервтік байланыстары күрделене келе, қайталаудың нәтижесінде 
жануарлардың елестету қабілеті өсе бастайды. Елестердің тууы мидың синтездік 
қызметіне байланысты. Жануарлар меңгерген елестерін белгілі дәрежеде жалпылай алады. 
Жануарлардың осы дәрежеге жетуі-олардың өмірінде ең жоғары басқыштық интеллектік 
мінездің пайда бола бастағаны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет