Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Зерттеу әдістері:
1. негізгі әдіс 2. қосалқы әдіс
1.
Негізгі әдіс:
1.бақылау 2. эксперимент
а). табиғи; б). лабораториялық. 
2. 
Қосалқы әдіс

әңгімелесу, тест, анкета, қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі, 
модельдеу, социометрия.
 
Бақылауға арналған сұрақтар: 
1.
Психология пәні қай ғасырда пайда болды? 
2.
Психологиялың дамуына үлес қосқан ғалымдар? 
3.
Психологияның қандай салалары бар? 
4.
Қазіргі психологияның міндеттері қандай? 
5.
Психология ғылымының негізгі және қосалқы зерттеу әдістерін атаңыз? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 2. Психика және сананың пайда болуы мен дамуы 
 
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1. Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері.
2. Жануарлардағы инстинкт, үйрену және интеллект ұғымдары. Жануарлар іс-әрекеті.
3. Сананың пайда болуы мен дамуы.
4. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні. 
Психиканың туындауының дамуы белгілі бір кезеңдерде тіршілік иесінің кеңістікте
белсенді орын ауыстыруға қабіллеттілігінің қалыптасуымен байланыстырады, осының 
барасында қажеттіліктердің қанағаттандырылуы қоршаған ортадағы алдын-ала керекті 
заттарды іздестіруден басталуы тиіс белсенді қозғалыстар арқылы жүзеге асырылады. 
Табиғат пен қоғамда кезедсетін құбылыстардың дамуы сияқты, психика да дамып 
отырады. Бұл-заңды құбылыс. Психиканың өзі сезіну қабілеті ретінде тіршілік иелерінің 
тітіркенуінен пайда болады және олардың жүйке жүйесінің құрылуына және дамуына 
байланысты өокендеді.
Белгілі кеңес психологы А.Н.Леонтьев психиканың пайда кезеңдерін өзінің 
«Проблемы развития психики» атты монографиясында тұңғыш рет қарастырған. 
Психика дамуының 1 кезеңі- қарапайым сенсорлы психика.(cенсор-сен гіштік) 
сезгіштіктің қарапайым түйсінулер шегінен шықпайтын бөлшектермен анықталады. Бұл 
кезең жануарлар ағзасының сыртқы әлем зеттерымен күрделі манипуляциялы 
қозғалыстарын жүзеге асыратын арнайы мүшесінің пайда болуымен байланысты. Бұл 
кезең 2 деңгейді қамтиды: 
1.
Төменгі деңгей (суда өмір сұретін қарапйым, төменгі көп жасушалы ағзалар). 
Тітіркенушілігі дамыған, сезімталдықтың қарапайым бөлшектері бар. 
2.
Жоғарғы деңгей (жоғары шығыршықты құрттар, бауырмен жорғалаушылар) 
популяция мүшесі ретінде жақ сүйектерінің пайда болуымен сипатталады. 
Психика дамуының 2 кезеңі- перцептивті психика. Психика дамуының бұл кезеңінде
түйсінулер бейнелерге біріктіріледі: сыртқы орта тек сезім ретінде емес, белгіленген, 
қабылдау бөліктеріне, бейнелерге жіктелген тұтастай заттар түрінде қабылданады. Бұл 
кезең 3 деңгейден тұрады: 1 Төменгі деңгей; 2 Жоғарғы деңгей; 3 Өте жоғарғы деңгей. 
Психика дамуының 3 кезеңі- интелект кезеңі. Интелект кезеңі жануарлардың зат 
рақылы байланысын, жағдайды жалпы бейнелейтін қабілеттермен сипатталады.
Психика өз эволюциясында бірнеше кезеңнен өтті; сенсорлықтан перцептивтікк дейін 
және интелектілі кезеңнен сананың құрылуына дейін. Соған қарай сана адам 
психикасының ерекшелігі ретінде адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуы жемісі 
болып табылады, оның өмір сүру мүмкіндігі адамның еңбек құралдарын, тіл элементтарін, 
білімін, мінез-құлық өлшемдерін жасауына, қолдануына негізделген.
Психика жануарлар өмірінде де болады, ол-жануарлардың айналадағы қоршаған 
ортаға, тіршілік салтына байланысты, сол ортаға табиғи икемделуіне қарай қалыптасады. 
Жануарлар психикасының дамуы, мінезінің күрделенуі туралы мәселе қозғағанда, біз 
жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекеттің барлығын еске алуымыз керек. Олар: 
жануарлардың инстинктік, шартты рефлекторлық (дағды) және интеллектік (естілік) 
әрекет түрлері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет