Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет8/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

бұл білімді практикада 
пайдаланып, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, яғни практикалық 
іс-әректтің бір қатар міндеттерін шешу қажет.
Қазіргі қоғамда адам түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Олардың барлық түрлерін 
нақты адамға қатысты топтастыру мүмкін емес. Дегенмен барлық адамдарға ортақ негізгі 
қызмет түрлерін ажыратуға болады. Олар: ойын, оқу, еңбек.
Ойын өзінің табиғатына орай бала тұлғасын қалыптастыратын тарихи қаланған 
әлеуметтік механизм және әдіс болып табылады (Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. 
Эльконин, және басқалар). 
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин мектебінің бір қатар 
зерттеулері ойынның баланың жалпы психикалық дамуына, жекелеп алғанда, оның ерікті 
мінез-құлқының мотивациялық-қажеттіліктік, танымдық саласына тигізетін елеулі 
маңызын көрсетті.
Ойын бұл шартты түрде шынайы өмір мазмұны бейнеленетін тәжірибенің ерекше 
түрі. Ойынның адамзат қоғамы мен бала дамуындағы міндеттерін зерттеуде адам мен 
жануарлар ойынының айырмашылықтарын ажырату маңызды болып табылады. Бұл 
ойынның ерекше іс-әрекет ретіндегі мәнін анықтау үшін де маңызды. Іс-әрекет ретіндегі 
жалпы анықтаманы алғаш берген А.Н.Леонтьев болды (1987). Бұл анықтама 


қажеттіліктерді өтеу үшін ойынның міндетті еместігін атап көрсететін авторлардың 
көптеген жұмыстармен үндесіп жатыр. Сонымен бірге ойын филогенезін зерттеу ересек 
жануарлардың ойындары, олардың төлдерінің ойындарынан ерекшеленетінін, оның 
жоралғы және биологиялық шартты – жыныстық, аумақтық және басқа да қылықтарды 
жүзеге асырумен байланысты екендігін көрсетеді (Хайнд, Дьюсбери).
Іс-әрекет тұжырымдамасы бойынша, ойын мазмұны ойыншықтармен, оларды 
ауыстыратын заттармен және ойындағы серіктестерімен тәжірибелік әрекеттерге қанық 
болатындықтан бір мезгілде тәжірибелік іс-әрекет ретінде де; және тәжірибеге шартты, 
айналдырылған, бейнелі формада абстракцияланатын іс-әрекет ретінде де көрініс табады;
Оқу. Оқу мақсаты адамның білім алуы, дағды мен іскерлікті меңгеруі болып 
табылады. Оқу арнайы оқу орындарында ұйымдасқан түрде, сол сияқты қандай да бір іс-
әрекеттің қосымша нәтижесі ретінде жолшыбай жүзеге асырылуы мүмкін. Ересек 
адамдарда оқу өз бетінше білім алу түрінде жүреді. Оқу әрекетінің ерекшелігі - 
индивидтің психикалық дамуына тікелей әсер ететіндігі.
Адам психикасын қалыптастыруда еңбектің алатын орны ерекше. Адамды адам еткен 
– еңбек. Осы еңбектің арқасында адам қазіргі қоғамды орнатты, материалдық және рухани 
әлемнің заттарын жасады, дамудың шектеусіз келешектерін ашты. Еңбек құралдарын 
жасап, жетілдірді. Еңбек өнімдділігін арттырды, ғылымды, өндірісті, техникалық және 
көркем шығармашылықты дамытты.
Адамның іс-әрекеті – аса күрделі де көпқырлы құбылыс. Іс-әрекеттің жүзеге 
асыуында адамның иерархиялық құрылымының барлық: физиологиялық, психикалық 
және әлеуметтік бөлшектері қатысады.
 
Бақылауға арналған сұрақтар: 
1.
Адам іс-әрекетінің динамикасы мен құрылымы қандай? 
2.
Танамдық процестардің дамуы іс-әрекетпен қалай байланысады? 
3.
Іс-әрекеттің анықтамасын айтыңыздар? 
4.
Іс-әрекеттің негізгі түрлерін атаңыздар? 
5.
Мотив дегеніміз не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет