Сборник материалов май 2020 года г. Петропавловск



Pdf көрінісі
бет218/286
Дата18.11.2022
өлшемі12,93 Mb.
#158773
түріСборник
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   286
Байланысты:
Международная конференция сборник

Список литературы 
1.
 
Вебер М., Ремен Р. Работа с песочницей
2.
 
Грабенко Т. М., Зинкевич-Евстигнеева Т. Д. - Практикум по песочной
3.
 
Грабенко Т. М., Зинкевич-Евстигнеева Т. Д. Чудеса на песке. 
Песочная игротерапия.
4.
 
Дикманн Х. Методы в аналитической психологии.
 
№МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДА
«4К МОДЕЛІНІҢ» ТИІМДІЛІГІ 
 
Таймышева.А.А. 
СҚО, Шалақын ауданы, қазақ орта мектебі КММ жанындағы
“ Айналайын” шағын орталығы 
 


403 
Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде дәлірек айтсақ 
мектепке дейінгі ұйымдарда оң өзгерістер басталды.Елбасы, ҚР Тұңғыш 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа 
арнағанҚазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын 
арттыру »Жолдауында[1]» 
Білім беруі сінде «4Кмоделіне»: креативтілікті, сыни ойлауды, 
коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты 
назар аударылуда» деп атап өткен болатын.Ол үшін арнайы Бағдарлама 
әзірленді.Бұл жаңа бағдарламаның мақсаты[2]-«Мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқыту мазмұнын жаңарту шеңберінде мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру». Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы балалардың дамуы мен 
қатар олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып есепке алуға 
бағытталған.Мектеп жасына дейінгі балаларда қиял, ойын және 
креативтілік шексіз.Олай болса ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде қолдану 
өте тиімді және балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға 
ықпалын тигізеді деп ойлаймын.Ойын бала дамуына үлкен әсер етеді. 
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып 
табылады. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. 
Ал еркіндік барлық дамудың баспалдағы.»Ойнай білмеген, ойлай да 
білмейді», « Ойында озған, өмірде де озады» деген дана халқымыз. Тек 
ойында ғана балалар өз белсенділіктерін тынымсыз іс-әрекетер арқылы 
көрсетіп,басқаның 
табысына 
қуануды 
үйренеді.Оқытудағы 
ойын 
технологиясының элементтері ол: ойын алдында оқу мақсатын қою, ойын 
әрекеттері арқылы нақты нәтижеге қол жеткізу және оқу қызметінің ойын 
ережелеріне бағынуы; Оқыту мазмұнын жаңарта отырып, тиімді әдіс-
тәсілдерді кеңірек қолдану тәрбиешілер алдына қойылған бірыңғай 
әдістемелік талаптардың бірі.Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, 
яғни «Айналайын» шағын орталығында оқу тәрбие үрдісін іске асырудың 
бір жолы ойын арқылы оқыта отырып дамыту.Біздің тобымызда ойын 
арқылы оқытуды жаңаша ұйымдастыру дәл қазіргі уақытта қажет деп 
ойлаймыз. «4Кмоделінің» түйінді идеяларымен танысып болғаннан соң 
жүйелі түрде жоспарлау арқылы оларды тәжірибеде іске асыруға бел 
байладық 
Өстіп жаңа бағдарламаның түйінді идеяларын негізге ала отырып
ұйымдастырылған оқу қызметінде үш ойын түрін тиімді енгізуді жөн 
көрдік..Нақтылай айтсам ұйымдастырылған оқу қызметіне педагоктің 
жетекшілігімен,құрылымдалған және еркін ойын түрлерін енгізуді 
ұйғардық 

Ойынды 
енгізу 
барысында 
балалардың 
қызығушылықтары,қажеттіліктері 
негізге 
алынды.1.Педагогтің 
жетекшілігімен 
жүргізілетін 
ойында 
педагог 
ойынға 
қажет 
материалдармен балаларды қамтамасыз етіп,ойын барысына бағыт-бағдар 
бере отырып ойынға қосылады.2.Құрылымдалған ойын -мектеп жасына 
дейінгі балаға белгілі бір дағдыларды үйрете отырып дамытуға 


404 
бағытталған .3.Еркін ойын-нақты шекаралары,ережесі жоқ, бала өз 
қалауынша ойнайды. .Үш ойын түрін ұйымдастыру барысында 
«4К моделін»,бақылау және саралау әдістерін қолдандық.Дәстүрлі 
мақсатты Smart мақсатқа айналдыру өте тиімді болды. Себебі ол нақты, 
қолжетімді, балаға негізделген.Ортақ мақсатқа жету жолында балалар
өзара коммуникативтік қарым қатынасқа түсу арқылы бір-бірімен тығыз 
әрекеттестікте болады.Педагогтің жетекшілігімен ұйымдастырылған ойын 
тәсілінің тиімді тұстары: 
-бірлескен ынтымақтастық орта қалыптасуы 
-балалардың өзара бағалауы 
-креативтілік және шығармашылық қиялдарының дамуы 
-командада жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы.
Бұл ойын түрін алған себебіміз балалар дағдарысқа ұшырамай жаңа 
тақырыпты ашуға және игеруіне ықпал етеді. Педагог ойнға қажетті 
материалдармен балаларды қамтамасыз етіп, ойынды бастап ,бағыт бағдар 
бере отырып ойынға қосылады. Ойын барысында қызығушылықтары 
ескеріле отырып екі командаға бөлінеді.Командада жұмыс істеу 
балалардың басқа топ мүшелерінің пікірін құрметтеуді және бірлесе 
отырып мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренулеріне оң ықпал 
етеді.Балаларға түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқу қызықты болды.Атап 
айтсақ: «Галлерея шарлау», «Автобус аялдамасы» , «Алма ағашы» , «Миға 
шабуыл» т.б.

Келесі қолданысқа енгізілген ойын түрі құрылымдалған ойын.Бұл


ойын түрінде балаларға белгілі бір дағдыларды үйретіп әрі қарай дамытуға 
бағытталған іс-шара. Педагог балаларға ойын шарты мен ережелерін 
түсіндіріп ,бағыт –бағдар береді. Тапсырмаларды орындау барысында 
балалар 
коммуникативтік 
тілдік 
қарым-қатынасқа 
түсіп,өзара 
пікірталастырды.Бұл ойын барысында балалардың өздігінен іс-әрект 
жасауына қолайлы жағдай туды және ойынға деген қызығушылықтары 
байқалды.Құрылымдалған ойынның мықты тұстары-ойын арқылы балада 
дербестік, сыни ойлау дағдылары дамып,зият қырлары дамиды.Балалар 
ойын шартын ұғынып алған соң өз беттерінше бастап педагогтің 
көмегінсіз ақ аяқтай алады.Өз-өздеріне деген сенімділік пайда болып,өз 


405 
ой- пікірлерін еркін жеткізе алады. Басқа балалармен мақсатқа жетуге 
мүдделі болады.Дәл осы ойын барысында 4К моделі,бала үні,бақылау 
көрініс табады.Себебі: осы ойын арқылы баланың айтылым,тыңдалым 
дағдылары қалыптасып,танымдық қаблеттері дамиды. «Маған айтып 
берсең-ұмытып қаламын,көрсетсең –есте сақтаймын,өзіме жасатсаң-
үйренемін.» - деген Конфуцийдің ұлы сөзі әбден орынды[3]. 
Үшінші еркін ойын түрі. Еркін ойын нақты шекарасы мен ережелері
болмағандықтан балалардың көңілінен шықты.Бұл ойын балалардың 
бойында талқылау,проблемаларды шешу,өзара келісімге келу және 
т.б.қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады. Ойын арқылы 
балалардың дербестігі, шығармашылық қиялы,көшбасшылық және 
креативтік ойлау қаблеттері дамиды. Ұйымдастырылған оқу қызметінде 
ойындарды тиімді енгізу барысында әлсіз тұстары да байқалды.Атап 
айтсам балалардың топқа бөліну кезінде дұрыс бөліне алмауы,қойылған 
сұрақтарға жауап бере алмай дағдарысқа ұшыраулары және берілген 
ресурстарды дұрыс пайдалана алмауы. Алдағы уақытта осы үш ойын түрін 
енгізу барысында орын алған дағдарыстарды болдырмау үшін балалардың 
білім 
деңгейлерін 
саралай 
отырып,әр 
баланың 
жеке 
қажеттіліктерін,қызығушылықтарын ескеріп жоспар құрып жүзеге 
асырамыз. .Блум таксаномиясына сүйене отырып балалардың ойлау 
қаблеті мен білім деңгейлері бойынша белсенді, интербелсенді(жарыстар, 
конкурстар, зерттеу жобалары) тапсырмалар кешенін дайындаймыз деп 
шештік. Қортындылай келе ұйымдастырылған оқу қызметінде ойындарды 
енгізу өте тиімді-деп санаймыз.Себебі ойын үстінде балалар кері 
байланысқа түседі осы арқылы әр баланың даму деңгейі,жеке дербестігі, 
көшбасшылық және креативтік ойлау қаблеттері дамиды.Келешекте осы 
үш ойын түрін тәжірибемізге енгізу арқылы балалардың бойында сыни 
ойлау дағдыларын қалыптастырып,өздігінен шешім қабылдай алатын дара 
тұлға иелерін тәрбиелей отыра оқытуды жүйелі түрде жүзеге асырамыз –
деп шешім қабылдадық.Қазіргі заман талабына сай,бәсекеге қаблетті жас 
ұрпақты тәрбелеу сіз бен біздің басты мақсатымыз.Құрметті әріптестер 
сөз соңында ортақ мақсатқа жету жолындағы қызығы мен қиындығы мол 
еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет