әлеумет үшін жауаптылық сезіміне жете алады. Егер индивидуалдық
белгілері ретінде еркін таңдау, автономдық пен жауаптылықты алсақ, онда
бұл белгілердің әлеуметтілік мағынасын (ынтымақтастық пен өзара көмек)
ескеру қажет. Сонымен, жеке адамды мәдениеттанулық талдау міндетті түрде
әдеп мәселесіне әкеледі. Плюрализм мен орталықсыздандырылған тұлға жаңа
әдеп мәдениетін қалыптастыра алады делінеді. Дүниені жаңаша түйсінуде
эгоцентристік сана ерекше рөл атқарады. Позитивтік мағынадағы оның
девизіне «Мен болмасам, кім?» сұранысы айналады.
Біз өз жұмысымызда «қауымдылық» түсінігін
адамдық ынтымақтастық
пен бірегейлеудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің ерекше формасы
ретінде қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық қауымдасудың
органикалық түрі туралы арнаулы пікір айтқан. Ол мұндай тұтастықты
биологиялық организммен салыстырады: онда барлық мүшелер бір-біріне
ұқсамайды, бірақ барлығы бірігіп организмннің өмір сүруін қамтамасыз
етеді. Органикалық ынтамастықтың әлеуметтік-мәдени
негізінде тұлғалық
еркіндік, мүдделер келісімі және заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге
негізделген императивтер аймағында еркін әрекет ете алады. Бұл қоғамның
жетекші принципі – дарашылдық.
Ф. Хайек те қазіргі кезде «капитализм» мен «социализм деген
атаулардың ескіргенін және бүгінгі адамдар бірлігін «адамдық қауымдасу
мен ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» деп атау керек деген. Бұл
мәселе өте маңызды. Өйткені ТМД-ның кейбір елдерінде адамдық
қауымдастыққа жат трайбализм, патернализм,
партикуляризм сияқты
архаикалық қатынастар белең алып кеткен. Сондықтан индивидуалдықты
жоғары деңгейге көтерудің бір шартына шынайы қауымдастықты
қалыптастыру жатады.
«Біз» және «мен», тұтастық ретіндегі, жанды тұтастық ретіндегі қоғам
мен тұлға қоғамдық болмыста, біз білетіндей, екі тәуелсіз, бір-біріне қарама-
қарсы тұрған инстанция ретінде әр қайсысы абсолютті маңыздылыққа
ұмтылып, өзін абсолютті бастау деп түсінеді. Әрбір жеке тұлға да, «мен» де
өзін абсолютті бастау ретінде сезінеді. Бұл сана адамның жануарлық
эмпирикалық стихиясының көрінісі ретіндегі тұрпайы эгоизммен тең емес;
«мен» өзінің терең қабаттарында ол бас тарта алмайтын және бастартуға
тиісті де емес жалғыз әлде-бір
қайталанбайтын жоғары құндылық, әлде-бір
қасиеттілік бар екенін түсінеді. Ынтымақтастық бастауы кез-келген
индивидуальды бостандықты өзін кемсіту, өзінің болмысына төнген қауіп
ретінде қабылдайды; бостандық бастауы қоғамдық бірліктің кез-келген
бағындырушылық талабын өзін жойып жіберу ретінде сезінеді.
Істің мәнісі
мұнда екі бастау да қоғамдық болмыс үшін қажет болғандықтан бір
бастаудың екіншісін кесітуі немесе жойып жіберуі арқылы салтанат
құруында болып тұрған жоқ, өйткені «біз» және «мен» бірлігін бір-бірінсіз
көзге елестету қиын болғандықтан, қарсыластар өз ара ажырамас түйінмен
байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: