Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


- сұрақ. Архаикалық кезеңдегі әлеуметтік мәдениет



Pdf көрінісі
бет16/49
Дата19.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#158915
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

2- сұрақ. Архаикалық кезеңдегі әлеуметтік мәдениет. 


Архаикалық қауым әдептік реттеуі басым қоғамға айналуы үшін 
бірнеше сатылардан өтуі қажет. Осы жөнінде әдебиетте әдептің 
қалыптасуындағы үш саты аталып өтіледі: 1) Культ (табыну) сатысы. Бұл 
сатыда жеке адам табиғаттан да, қауымнан да ажырамаған, «Біз» феномені 
үстемдік етеді.
2) Мәдениет сатысы. Бұл сатыда әдеп, құқық, өркениет қалыптаса бастайды. 
Жеке адам тарихи өзгерістердің басты күшіне айналады. 3) Әлеуметтік 
сатысы. Бұл сатыда жеке адамның құқықтарын қастерлеу және келісімділік 
негізінде азаматтық қоғам (адамдық қауымдастық) қалыптасады. 
Біз бұл оқулықта «мәдени реттеу» түсінігін адамдық ынтымақтастық пен 
бірегейленудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің ерекше нысаны ретінде 
қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық қауымдасудың органикалық түрі 
туралы арнаулы пікір айтқан. Ол мұндай тұтастықты биологиялық ағзамен 
салыстырады: онда барлық мүшелер бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы 
бірігіп ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Органикалық ынтамастықтың 
әлеуметтік-мәдени негізінде әдеп, тұлғалық еркіндік, мүдделер келісімі және 
заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге негізделген императивтер 
аймағында еркін әрекет ете алады. Бұл қоғамның жетекші қағидаты – 
дарашылдық. Ф. Хайек те қазіргі кезде «капитализм» мен «социализм» деген 
атаулардың ескіргенін және бүгінгі адамдар бірлігін «адамдық қауымдасу 
мен ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» деп атау керек деген.
Архаикалық тобыр мен адамдық қауымның арақатынасы жөнінде әдебиетте 
сан алуан көзқарас бар. Адамдық және әлеуметтік құрылымдарды еңбек 
теориясымен түсіндіретін марксистік ілімдерде шаруашылық коллективтері 
мен туысқандық қауым біртектес болып келеді деген қағида басшылыққа 
алынады. Алайда этнографиялық деректер бұл көзқарасқа күмән келтіреді. 
Қазіргі 
этнологиялық 
зерттеулер 
антропоидтардағы 
топтар 
мен 
гоминидтердің ілкі топтарының арасында ұқсастық барлығын дәлелдейді 
(экзогамия, иерархиялық құрылым, реттеу). Жыныстық қатынастарды реттеу 
алғашқы қауымдық бірлестіктердің (отбасы, ру, тайпа) пайда болуының 
маңызды факторына жатады. Басқаша айтқанда, тобырдан жеке индивид 
емес, қауымдық құрылымдар бөлініп шықты. 
Алғашқы қауымдық мәдениеттер (аңшылық-көшпелік және екінші көшпелік 
– номадизм) пайда мен табыс табу принципінде емес, керісінше, «сый 
экономикасына» негізделген. Қонақжайлық осының бір көрінісі болып 
табылады. Табиғи ресурстар қауымының меншігі болып табылғандықтан 
эгоистік мүдде қалыптаса алмайды. Егер патриархалдық бастауларға 
сүйенетін отбасында индивидуализм үстем болса, Бахофен ашқан «Аналық 
құқықта» қауымшылдық пен жалпылық алдыңғы қатарға шығады. Алғашқы 
адамдық бірлестіктер элитарлық емес, қайта эгалитарлық негізде пайда 
болады. 
Туысқандық 
қауымда 
руластар 
арасындағы 
кикілжіңдер 
ақсақалдарының араласуымен шешіліп отырған. Қазіргі кең тараған айтыс 
бір 
замандарда 
адамдар 
немесе 
олардың 
топтары 
арасындағы 
қайшылықтарды шешуге бағытталған. 


Енді осы қауымнан алғашқы дараланып шыққан феномендерге талдау 
берейік. Алғашқы қоғамдастықтарда тұтастықтың басымдылығы жөніндегі 
пайымдау дұрыс болғанымен, бұл тұтастықты не механикалық агрегат, не 
биологиялық популяция, не көпмүшелі ағза ретінде қарастырған дұрыс емес. 
Адамдық коллективті (тіпті, қоңыс аударушы ежелгі аңшылар мен 
терімшілердің өзінде) жекелік қасиеттерін жоғалтпаған адамдар бірлестігі 
құрастырады. Осының бір дәлелі – субъективтік жаны жоқ адамдардың о 
бастан болмағандығы. 
Архаикалық көшпелілер мәдениетін зерттеушілер қауымнан алғашқы
дараланған адамдар ретінде ру басыларды, ақсақалдарды, батырды, абыз, 
бек, көсемдерді, сәуегейлерді тағы б. атап өтеді. Бұл сипаттағы ру басылар 
адамдық ынтымастықтың қауымдық тәртібін жүзеге асырушыларға жатады. 
Ру басылардың «билігі» шын мәнісінде бағындырушы қатынастардан 
тумайды. Ру басы мен кейінгі қазақ қоғамындағы билердің арасында 
түбегейлі айырмашылықтар бар. Ежелгі мәдениет контекстінде ру 
басылардың төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады. Біріншіден, 
ауызекі ақпараттық беріліс жағдайында ру басылар ең тәжірибелі, көпті 
көрген және көпті түйген, осының нәтижесінде руластарының арасынан 
дараланып шыққан. Екіншіден, ру басының белгі мен беделі сакралды 
(қасиетті) сипатта тиянақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет