46
Н. Ф.Талызина оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз
етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып кӛрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген
оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын кӛрсетеді: оқытудың мақсаты;
білім берудің мазмұны; педагогикалық ӛзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту
үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың
деңгейі). Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Қ.Жанпейісованың және
т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл
технологиялардың ӛздеріне тән ерекшеліктері бар.
Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің ӛзі тӛмендегідей негізгі құзыреттіліктерді
игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық
мақсат аясында), т.б.
Қазіргі уақытта болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап даярлығын қамтамасыз ететін
негізгі тақырыптар тӛмендегілер болып табылады: курстың сӛздік тақырыптары (қазіргі қоғамдағы
отбасы; қазіргі заманғы үй-тұрмыс; еліміздегі және шетелдердегі студенттердің оқуы мен ӛмірі; оқып-
үйренетін тілдің елдері мен Қазақстандағы интернационалдық және ұлттық мерекелер; адам ӛміріндегі
табиғат, жыл мезгілдері, оқып-үйренетін елдің және Қазақстанның климаты; қазіргі заманғы адамның
киімдері, дүкендегі сатып алу, қазіргі заманғы мода); сӛздік іс-әрекет түрлері бойынша жұмыс мазмұны
мен қорытынды талаптар (әңгімелесу, диалогтық сӛйлесу, монологтық сӛз (аудирование, оқу), жазу және
жазбаша сӛз), т.б. Орта мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны тӛмендегі элементтерден тұрады:
тақырыптар (денсаулық, білім, жағрафия және қыдыру, жол жүру, т.б.); тілдік материалдар (лексика,
грамматика), т.б.
Жоғары оқу орындарындағы пән бағдарламаларының мазмұны мектеп қабырғасындағы оқытылатын
шетел тілі пәнімен байланысын, сабақтастығын және мектеп қабырғасындағы тақырыптарға сәйкес оқу
тақырыптарын (оқу материалдарын) бір пән толық қамти бермейтінін кӛруге болады, 2008-2010 оқу
жылдары аралығында жоғары оқу орындарында шетел тілі (ағылшын тілі) пәні мұғалімдерін даярлайтын
оқу жоспарларының түрлеріне сәйкес жұмыстар талданды.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің
нәтижесін кӛрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды кӛбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Кейбір зерттеушілер оны ―ӛзгеріс― деген терминмен анықтайды. Соның бірі И.П.Подласый ХХ ғ.
80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналшылар, содан кейінгі кездерде педагогтар ―инновация‖ сӛзін
пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның
Достарыңызбен бөлісу: