Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет52/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1. 
Жеке 
тұлга 
туралы 
түсінік. 
URL:://www.tarih.spring.kz/ru/history
 
/postwar/figures/alimzhanov/http 
2. Тұлғалар тұғыры./Құраст. І.Қозыбаев.-Алматы: ҚазАқпарат, 2009.-540
3. Из истории социалистической партии Казахстана по документам архива Президента 
Республики Казахстан. URL: 
http://archive.president.kz/ru/iz-istorii-sotsialisticheskoj-partii-kazahstana-po-
dokumentam-arhiva-prezidenta-respubliki-kazahstan/
 
4. 
Әнуар 
Әлімжанов 
шығармашылығындағы 
әдеби 
дәстүр. 
URL: 
https://baribar.kz/student/13835/anuar-alimzhanov-shygharmashylyghyndaghy-adebi-dastur/
 
5. Алимжанов Ануар (1930–1993 гг.) URL: /postwar/figures/alimzhanov/ 
http://www.tarih.spring.kz/ru/history
 
6.
 
Біздің Әнуар / Наш Ануар.-Алматы: Нұрлы Әлем, 2010.-392 б.
 
7. Қабышұлы Ғаббас. Сөзден шошынғанға ем қонбайды.URL: 
https://abai.kz/post/9160
  
8.
 
Қамзин Кәкен

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың 80 жылдығына арналған баяндама // 
abai.kz

post/14242
 
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ АҚЖАН ЖАҚСЫБЕКҰЛЫ ӘЛ-МАШАНИДЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ 
 
Имангалиев А.Т., 1 курс докторанты 
Дүкенбаева З.О., т.ғ.д., профессор 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Тарих – адамзат баласының жүріп өткен сан қырлы дәуір жолдары, бастарынан өткен 
қиындықтары, өмір арпалыстары, жеңісі мен жеңілісі. Тарих – сол халықты танытатын 
керемет өмір оқу құралы. Өткеннен сабақ алып, ата-бабаларымыздың елін, жерін қорғауда, 
қазақ халқының тар жол, тайғақ кешу кезеңдерін, күрестерін білу – жүрегім ұлтым деп соққан 
әрбір азаматтың борышы. Осылайша, белгілі ғалым Уәлихан Қалижанның «Тарихты тұлғалар 
жасайды» атты ғылыми тұжырымын атай келе, әр тарихи кезеңді алып қарасақ та халықты 
артынан ерте білетін өз заманының білгір де озық тұлғаларын көруімізге болады. Осы ойымды 
зерттеуші И.П. Варфоломеев: «Историческая личность» образ общественного активного 
человека, играющего заметную роль в истории частной событийности, отражающего важные 
социальные и гражданские черты характера своего народа…» [1, б 3].
Қазіргі уақытта тұлғатану мәселесі олардың қоғамдағы орны мен қызметі және өмірі 
жаңаша ғылыми әдістемелермен зерттеліне бастады. Осы тақырып аясында Отандың 
ғалымдар сан түрлі ғылыми еңбектерін жариялады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 
ғылымға қосқан ерен еңбегімен, сан қырлы зерттеулерімен белгілі, өз саласының білгірі 
Манаш Қозыбаевтың алар орны ерекше. Профессордың «Тұлғалар тұғыры» атты ғылыми 
еңбегінде «адам», «азамат», «тұлға» және тұлғалық қасиеттер туралы мінберінде көптеген 
мәселелерге анықтамалар берді. Манаш Қозыбаев аталмыш кітабында «тұлға» - бұл терең 
білімділігімен, ақыл мен терең ой-санаға және парасаты мол адам деп атап өтті. Сонымен 
қатар, сөзге жетік ораторлығымен, әділдігімен, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді терең тұрғыда 
меңгерген, ұлт жанашырлығымен және тапқырлығымен ерекшеленетін жан деп көрсетті. 


106 
Манаш Қабашұлы атап өткендей, тұлға ұғымы табиғатпен, яғни қоғамдық ортамен тығыз 
байланысты және табиғат берген сый деген шешімін өз еңбегінде атады. Шынтуайтында, 
тұлғалар сирек кездесетін сұранымға ие білгір адамдар болып табылады [2, б 6]. Осыған 
байланысты профессор, Жамбыл Артықбаев та ғалым Өмірзақ Озғанбайдың «Тарихи 
тұлғалар тағылымы» атты ғылыми еңбегінде пікір берген сұхбатында тұлғаның 
кездейсоқтықпен пайда болмайды, яғни тұлға – жүз жылда сұрыпталып барып қана дүниеге 
келетін дара иесі деп атап өтті [3, б 3].
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында атай келе: 
«ортағасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі Әбу Насыр әл-
Фараби дүниеге келсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет 
Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілімін таратқан» [4]. Осылайша, әлемдік деңгейде 
аталған екі тұлғаның Отан тарихында алатын орындары айтарлықтай. Соның ішінде 2020 
жылы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойы аталып өткелі тұр. 
Осынау тарихи тұлғаны және шығармашылық мұрасын зерттеп, Отан тарихы бетінде 
өшпестей таңба қалдырған Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидың рөлін атап өтпеске 
болмайды.
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидың ғұмырнамасына тоқталып өтетін болсақ, 1906 
жылы қарашаның 2-де Қарағанды облысы, Қарқаралы өңірінің оңтүстік-шығысында 
орналасқан «Қызылсүйір» деген жерде өз заманының білгірі Машани би отбасында дүниеге 
келген [5, б 7]. Белгілі ғалым Ш.Абдраманның көрсетуінше, Ағыбай батыр, ақын Шортанбай 
қожа, Жанғұтты би, Машан би, Дербісал би және тағы басқалар өз замандарында Қарқаралы 
өңірінің мәдениетіне, ел және халық үшін жасаған ерен еңбек істеген тұлғалар деп атап өтті. 
Осы аталған тұлғалар әр қайсысы ел билеушілерінің кеңесшісі, ақылшысы, қолбасшысы және 
халық қалаулылары болды [6, б 17]. Яғни халық арасындағы әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді шешуде маңызы үлкен болды. Атап айтатын болсақ, XIX ғасырда өмір сүрген 
Құнанбаймен достық тығыз қарым-қатынаста болып, Құсбек және Жамантай төрелер ерекше 
құрмет тұтты. Профессор Ш.Абдраман өз еңбегінде көрсете келе, Жамантай төренің: «Машан, 
Машандай ұл туғанша қашан» деп еске алған сәттерінен анық байқауға болады [6, б 15]. 
Осыдан XIX ғасырдың сөз майталманы Машан бидің елдегі алған орнын жоғары деңгейде 
болғандығына көз жеткізуімізге болады. Осыған орай, XIX ғасырда ел аузына қаратқан, білгір 
шешен Машан бидің ғұлама-зиялыларымен достық етене байланыста болып, ой-пікір алмасуы 
да өсіп келе жатқан Ақжан Жақсыбекұлы Машановқа өз әсерін тигізді. Осыған дәлел ретінде 
Шамшидин Әбдіраманов «Әл-Фараби және Абай» атты ғылыми еңбегінің алғы сөзінде оған
Әлихан Бөкейханмен «Ақтерек» мектеп-интернатында бірге оқып білім алғандығы және 
Жақсыбектің немере ағасы Нөгербек пен Шәкәрім Құдайбердіұлының достық байланыста 
болуы Ақжан Жақсыбекұлының жастайынан Абай-Шәкәрім секілді ұлт зиялыларының 
өлеңдерін жаттап өсуі де осыдан деп атап өтті [7, б 10]. Осылайша, Абай-Шәкәрім 
зиялыларының еңбектерін оқу арқылы ежелгі шығыстың ұлы философы Әбу Насыр әл-
Фарабидің тұлғасы мен мұрасын зерттеп, Отандық ғылым саласына жаңа бір жаңалықтарды 
дүниеге әкелді. 
Ақжан әл-Машани 1929 жылдан бастап өзі туып-өскен жерде мектеп мұғалімі 
қызметінен бастады. Кейін 1934 жылы негізі қаланған Қазақ тау-кен инженері-геолог 
мамандығы бойынша үздік бітіріп, профессор П.А.Рыжковтың жетекшілігімен 
«маркшейдерлік іс» атты кафедрасының аспиранты атанды. Белгілі ғалым Ә.Н.Құдайбергенов 
«Тұла бойы намысқа толы өр қазақ» атты мақаласында атай келе, Ақжан Машановтың 1943 
жылы «Торғай кенінің құрылымы» атты кандидатық диссертациясы және 1946 жылы Мәскеу 
геология-барлау институтының ғылыми кеңесінде геология, механика және кен ісі 
ғылымдарының тоғысында докторлық дисертациясын қорғап, ел ғылымының дамуына 
өзіндік бір үлес қосты. Кейін Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани ҚазССР Ғылым 
академиясының құрылтайшыларының бірі болып, академияның тұрақты корреспондент 
мүшесі атанды [8, б 5]. Ғылым жолындағы кандидаттық және докторлық диссертацияларында 


107 
өз ғылым саласы негізінде өзекті алдағы тұрған мәселелерді қозғап, геология, геомеханика 
саласында еңбектерінің маңыздылығы жоғары.
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани ғылым жолында геометрия, оптика, механика, химия, 
геохимия, кристалдық химия, геология, география, технология және әдебиет, философия, 
тарих ғылымдары бойынша еңбектері баршылық. Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидың осы 
ғылым саласына байланысты профессор Ә.Бейсенова «Менің ұстазым – Ақжан Машани» атты 
мақаласында келесідегідей атап өтті: «Ақаң тек қана маркшейдер, геолог емес, ол қазақ 
ұғымында полеонтологияның, минерологияның, кристаллографияның, стратиграфияның 
негізін салған адам. Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханиканың негізін қалаушылардың 
бірі. Оның «Кристаллография, минерология және петрография» деп аталатын оқулығы кезінде 
табиғат сырына қызығушылардың қолынан түспейтін кітап болды» [9, б 15]. Осыған, 
байланысты 1939 жылы «Қазақ» мемлекеттік баспасынан жарық көрген Ақжан Машановтың 
«Таулар қалай құрылған» атты ғылыми еңбегінде тау жотасы тақырыбы төңірегінде «Таудың 
адам тіршілігіне керегі», «Тау деген не?», «Орал, Азия, Арқа таулары», «Таулардың құрылған 
уақыттары» атты тарауларға бөлініп ғылыми ой-тұжырымдарымен бөлісті [10]. 1948 жылы 
Ақжан Машановтың «Жер сыры» атты еңбегі жарыққа шықты. Келесі жылы 1949 жылы Жер 
сілкінуі» атты кітапшасы арнайы баспадан жарыққа шықты. ҚазССР Ғылым Академиясының 
тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың «Жер 
сыры» атты кітабында былай деп атап өтті: «Геолог А.Машановтың «Жер сыры» атты еңбегі 
қазақ тіліндегі ең тұңғыш кітап болып табылады… Кітаптың әдемі әдебиеттік, геологиялық 
оқиғалар мен кейбір терминдердің негізін түсіндірудегі автордың шеберлігі ерекше болып 
табылады….» деп мәлімдей келе, аталмыш еңбектің геология ғылымы мамандарына 
таптырмас еңбектің бір үлгісі іспетті [5, б 233]. Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидың 
«Полезные ископаемые Казахстана» (1950)», «О некоторых принципах горной геометрии П.К. 
Соболевского» (1952), «Жер құрылымы» (1954), «Жер астына саяхат» (1957), «Геология 
терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» (1960), «Ғылымның дамуы» (1960) еңбектерін 
атауымызға болады [11, б 369-371].
Сонымен қатар, IX-X ғасырларда өмір сүрген ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби және 
оның теңдесі жоқ мұрасын зерттеп, Отан тарихы ғылымы жаңа деректермен толықты. Ақжан 
Машанов шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби тұлғасын және мұрасын зерттеу 
мақсатында Таяу Шығыс елдерін, яғни Бағдад, Дамаск, Мысыр, Ливан елдерін аралап, 
Еуропаның ірі қалалары Берлин, Париж, Мадрид қалаларына тілек хаттарын жолдап көптеген 
қолжазба-деректерге қолы жетті. Осы деректік мәліметтерге сүйене отырып, Отандық 
ғылымның жаңа тарих бетіне енген Әбу Насыр әл-Фараби төңірегінде еңбектердің 
философиялық-тарихи маңыздылығы айрықша. Атап айтатын болсақ, Ақжан Жақсыбекұлы 
әл-Машанидың «Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері туралы» (1961), «Әбу Насыр әл-Фараби 
еңбегі – алғашқы рет қазақ тілінде» (1962), «Ұлы ғалым мұралары: әл-Фараби туралы» (1970), 
«Исследование трудов в Казахстане» (1975), «Космология аль-Фараби и ее влияние на Западе» 
(1975), «Ғажайып от ошағында» (1978), «Табу: ғылыми-фантастика» (1982), «Әл-Фараби және 
Абай» (1994) бар [10]. Бұл еңбектер ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектері бойынша 
зерттеулердің аударылуы және ғылыми-тұжырымдамалары жаңа фарабитану ғылымының
қалыптастыруға негіз болды. Cоның ішінде Ақжан әл-Машанидың «Әл-Фараби және музыка» 
атты зерттеуінде «Кіріспе – Космос музыкасы» атты бөлімінде Әл-Фарабидың адамға тәлім-
тәрбие беретін негізгі төрт ғылым саласына тоқтала келе, астрономия, музыка, арифметика, 
геометрия деп атады. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидың бір қолында астрономия болса, 
ал екінші қолында музыка деп, ал оларды өлшейтін, есептейтін және салыстыратын таразысы 
– математика деп атады [11, б 31]. Осы зерттеуде «Будда діндес халықтардың космологиялық 
музыкасынан», «Қос өзен өлкесінің космологиялық музыкасы», «қазақ халқының музыка 
мәдениеті жайында», «Пифагорлық музыка» және т.б. аталмыш тақырыптар аясындағы 
мәселелерді көтерді [11]. 


108 
Сонымен қатар, Профессор Шамшидин Абдраман ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы 
әл-Машанидың «Әл-Фараби және Абай» атты ғылыми еңбегіне баға бере келе, Әбу Насыр әл-
Фараби мен Абай Құнанбайұлының теңдесі жоқ мұралары арқылы рухани байланысын және 
қазақ халқының ежелден келе жатқан мәдени тарихын танытып көрсетудегі құнды да 
таптырмас ғылыми еңбектердің қатарына жататындығын атап өтті. Аталмыш ғылыми еңбекте 
екі тұлғаның тарихын келтіріп қана қоймай. Өздері өмір сүрген замана кезеңдерін, бабалар 
тарихын және халық мәдениетін атады. Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани аталмыш еңбегінде 
әл-Фараби және Абай даналықтарын дәлелді-дәйектер арқылы логикалық жолмен түйіндейді. 
Мысалы, әл-Фараби өз еңбектерінде «Ғалымның көркі оның иесін танудың жолы» деп атаса, 
ал Абай Құнанбаев ғылыми еңбегінде «жер жүзін безендірген тәңірім шебер» деп атады [7, б 
6]. Бұл еңбекте әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мұраларын және ғылыми 
тұжырымдарын салыстырып зерттеу арқылы, ортақ далалық сипат пен рухани сабақтастық 
үдерістерді көруімізге болады.
Ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбек әл-Машани ғылым жолындағы белестерді бағындыра 
келе, 1950-1997 жылдары Қазақ Тау-кен институтында қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ 
Ұлттық техникалық университетінде «Маркшейдерлік іс» кафедрасы меңгерушісі болып 
қызмет атқарып, 60 жылдан бастап осы оқу ғимаратында еңбек етті. Осы қызмет барысында 
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани жетекшілігімен 1000-нан астам инженер-маркшейдерлер, 
25-тен астам техника ғылымдарының кандидаты мен докторларын даярлады [8, б 32]. 
Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлының өмірдің соңына дейін 
халқына білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашып, таусылмайтын рухани қазына 
қалдырды. Ақжан әл-Машанидың еңбектері қазақ халқының баға жетпес асыл мұралардың 
бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет