Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет50/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1.
Риккерт Г. Философия жизни.-К.:Ника-Центр.-1998.-512 с. 
2.
Плеханов Г.В. к вопросу о роли личности в истории //Избранные философские 
произведение. Т.2.- М.:Госиздат.,1956.-824с. 
3.
Н.Ә.Назарбаевтың Л.Гумилев атындағы университет студенттері алдындағы сөзі 
//Казахстанская правда, 2007, 27 мамыр
4.
https://wiki2.org/ru/
 Путь Абая. 
ӘЛКЕЙ ХАҚАНҰЛЫ МАРҒҰЛАН ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ 
 
Жұмағалиева М., 1 курс студенті 
Дүкенбаева З.О., т.ғ.д., профессор 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де 
кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек - деп айтқан Ұлт Көшбасшымыз Н.Назарбаевтың: 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңғыру жолында бабалардан 
мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді 
қайта түлетуіміз керек» екенін атап көрсеткенді. [1,1]
 
Адамзатты әуелі түркі, кейіннен қазақ мәдениеті өзінің терең де бай екенімен, әлемнің 
далалық келбеті көрініс тапқан даналық сәулет өнерімен, халықтық қолданбалы өнердің 
жауһарларымен, киелі ғимараттарымен, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тәнті етті. Ұлы 
дала туған мәдениеттер жүйелі түрде зерделеніп, қазіргі заманғы мәдениетте, сәулет өнерінде 
және басқа да салаларда неғұрлым кең қолданылып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын 
жүзеге асыру арқылы, мәдени-тарихи мұраны сақтау, ұлттың рухани жаңаруы аясында Ұлы 
дала құндылықтары ерекше маңызға ие болды. Көшпенділердің Ұлы даланы және айнала-
сындағы әлемді құндылық тұрғысынан бағалау ерекшеліктерін, материалдық игіліктерін 
жинақтаумен қатар, оларды еркіндік пен рухани дамудан да іздестіруіміз қажет. Мұны 
Мемлекет басшысы мақаласында айқын көрсетіп берді. Сан ғасырлық Ұлы дала мұрасын 


100 
қазіргі ұрпақтың және болашақтың жадында қалдыру үшін, цифрлы өркениет жағдайында 
түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, тарихи сананы жаңғыртуымыз 
керегі мақалада орынды айтылған. Мақалада тарихи сананы одан ары жаңғырту мақсатында 
алты бағыттағы бірнеше ірі жоба қарастырылған. Атап айтсақ, «Архив – 2025», «Ұлы даланың 
ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар 
музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» және «Тарихтың кино өнері мен 
телевизиядағы көрінісі».[2,21] Ұлтымызға ұйытқы болар осы ауқымды шаралардың өз 
деңгейінде орындалуы заман талабына сай туындаған өркениет талаптарына сайма-сай және 
мемлекет ретінде ілгері басуымызға жол ашары анық.
Елбасымыздың халыққа жолдаған осы 2018 жылғы «Ұлы даланың жеті қыры» атты 
мақаласында ерекше атап өтетін жайт тарихымызға ерекше көңіл бөлінген. Оның ішінде «Ұлы 
дала металлургиясы» және «Архив 2025» мұнда құндылықтарымызды бағалап оны әрі қарай 
дамыту керек екені айтылған. Осы ұлы даланың мұрасын асқақтатқан бірден бір адам ол- 
Әлкей Хақанұлы Марғұлан. Әлкей Хақанұлы Марғұлан - көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым 
академиясының академигі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғалым-археолог, 
этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, коғам кайраткері. Қазақ халқының мандайына 
біткен біртуар ұлы, көзі тірісінде аңызға айналып, ғұлама атанған. Ленинградта оқып жүрген 
кезінен бастап, Ә.Х.Марғұлан қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, 
әдеби және архив деректерін жинаумен айналысты. Осы жылдарда ол көркем әдебиет 
саласында да біраз іс тындырды. Оның аудармасы бойынша қазақ қауымы орыстың және 
шетел жазушыларының көркем шығармаларымен танысты.
1926-1927 жылдары Ә.Х.Марғұлан КСРО Ғылым академиясының одақтас және 
автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет мүшесі, академик 
А.Е.Ферсманның және профессор С.И.Руденконың басшылығымен Қазақстан және Алтай 
ұйымдастырылған экспедицияларының жұмысына қатынасты. Оның қазақ мәдениеті мен 
тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жетік білуі экспедицияның антропологиялық 
отрядының жұмысына өлшеусіз септігін тигізді. Экспедиция барысында Ә.Марғұлан 
Ә.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп қызмет жасады. Осы 
экспедициялық зерттеудің нәтижесінде Ә.Бөкейханов адайларға байланысты мақаласын 
жариялады. Сонымен қатар Ә.Марғұланның да наймандар мен адайлар туралы жазған 
алғашқы ғылыми мақалалары баспа жүзін көрді. 1938 жылы Алматыда КСРО Ғылым 
академиясы бөлімшесінің ашылуына байланысты тарих саласы бойынша білгір, сауатты 
ғалым ретінде Әлкей Марғұлан елге шақыртылады. Бұл - Қазақстан ғылымы мен ғалымдары 
үшін өте бір ауыр кезең болатын. 1937 жылғы қырғын қазақтың тарихы мен әдебиетінің жүгін 
көтеріп жүрген ғалымдардың көпшілігін жойды.[3,36] Қазақ елінің рухани жүдеушілігі 
басталды. Бұл апаттан елді аман алып шығуға К. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә.Марғұландар белсене 
кірісті. Ә.Марғұланның алдына қойған міндеті әрқилы еді, біріншіден, тарих, археология, 
этнография ғылымдарын жүйелеп бір жолға қою, екіншіден, ескерткіштерді зерттеуге ел ішіне 
ірі экспедициялар ұйымдастыру, ғылымға бейімді жастарды тәрбиелеу, тарихтың әр 
саласынан, әдебиеттен монографиялык еңбектер жазу. 1945 жылы Ә.Марғұлан қазақ 
ғылымының тарихында алғаш рет қазақтың ерлік жырларынан «Қазақ халқының эпикалык 
жырлары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Осы күнге дейін ғылымда бұл 
еңбекке жақын, деңгейлес келетін зерттеу жұмысы жоқ деуге болады. Бұл жұмыс - Әлкей 
Марғұланның талай жылдық еңбегінің қорытындысы іспетті.
Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы 
орталықтардың бірі. Оның ішінде айтатын болсақ Орталық Қазақстан. Еліміздің металлургия 
Орталығы десек те артық болмас. Бұл жерден табылған дүниелер ата- бабаларымыздың жаңа, 
неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне 
жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан 
жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл 
туралы тереңнен сыр шертеді. 


101 
Жезқазған мысты кен орны адамзатқа үш мың жыл бұрын белгілі болған. Бұған куә 
көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Бұрынғы 
кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған. 
Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған. Қала тарихы комбинаттың тарихымен тікелей 
байланысты. Жезқазғанның алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен кеншілер болды. 
Ғасырлар жылжып өтті. Тарихтар қойнауындағы Орталық Қазақстан ескерткіштерінің тарихи 
маңыздылығын айғақтайтын тас бетіне салынған суреттер - петроглифтер алғаш рет ғылыми 
айналысқа түсті. Қазақстан жеріндегі археологиялық зерттеулердің жаңа кезеңі Ғылым 
академиясы құрылғаннан кейін жаңа қарқынмен жүрді. Осы кезеңнен бастап республикадағы 
археологиялық зерттеулерге тарих институтының археология бөлімі жетекшілік ете бастады. 
Академик Ә.X. Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 
халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, көпшілік санасының өсуіне, 
білім қорының молаюына зор ықпал жасады. Академик ағамыз өзінің тау суындай сарқыраған 
ұшан еңбегінің арқасында «Қазақ археологиясының атасы» аталынып, есімі бүгінгі XXI ғасыр 
жастарына да мәшһүр екендігін мақтанышпен айта аламыз.
Академик ағамыздың Ұлытау-Жезқазған өңіріне алғашқы сапары 1943 жылы қыркүйек 
айында Кеңес Одағының Ғылым Академиясы Қазақ филиалы ұйымдастырған 1916 жылғы 
ұлт-азаттық көтеріліс басшысы А.Иманов туралы материал жинауға шыққан экспедицияның 
оңтүстік бөлімінің басшысы ретінде басталды. Осы сапар барысында Әлкей Марғұлан Ұлытау 
жерінде алғашқы археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, Ұлытау тауының ең биігі - 
Ақмешіт Әулиеде ескі қорған табады. «Ескерткіш жаныңда бақсылық діни-нанымның 
белгілері байланған ақтық және ат құйрығының үзіктерінің табылуына қарағанда бұл оба 
Дешті Қыпшақ даласына ислам дінінің таралу кезеңінде, яғни б.з. X ғасырда дүниеге келуі 
мүмкін» деп жазған дерегін келтіреді. Ә.Марғұланның 1947 жылғы үшінші сапары кезінде 
Ұлытау және Арғанаты таулары беткейлерінде көне тас мүсіндері зерттелінген. «Бес оба», 
«Үш оба», «Мұртты оба»деп аталатын ескерткіштер Ұлытау өңірінде көптеп кездеседі. 
Зерттеу кезінде «мұртты обаларда» көмірдің, ағаштың күлдері табылды, яғни, бұл орындар 
«құрбандыққа шалу» ғұрпын жасау үшін қолданылған деп пайымдай отыра, «Қаракеңгір 
өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан қорғаннан қыш ыдыстар мен қарт адамның қисайтып 
жерленген бас сүйегінің табылуын: археологтар Гейкель мен Бернштамның Талас өзені 
бойындағы Кеңкөл қорымынан тапқан бас сүйектері мен бұл жәдігерлер ғұн заманына сәйкес 
келуі мүмкін» - деген болжам жасайды Ә.Х. Марғұлан . Бұл ойлар, ежелгі қазақ жерінің елеулі 
мәдениет орталығы болғандығын, онда, ондаған қалалар орнап, мыңдаған өнер иелерінің өмір 
сүріп, еңбек еткендігін, олардың адамзат мәдениетіне материалдық және рухани байлықтар 
жасағандығын баяндайды[4,8] 
Дегенмен, Н. Ә. Назарбаевтың мақаласындағы «Архив 2025» айтып өткендей біз 
осымен тоқтап қалмаумыз қажет. Ұлы даланың мұрасы мұнымен аяқталып қалмайтыны сөзсіз. 
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен 
мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен 
өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне 
баса мән беру керек. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі 
зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде 
цифрлық форматқа көшіру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет