Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2



Pdf көрінісі
бет18/86
Дата25.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#164320
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Байланысты:
инклюзивтен кітап

 
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. 
Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының пайда болу себептерін 
атаңыз. 
2. Тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар тұлғалардың 
психологиялық ерекшеліктері қандай?
 
 
3.5. 
Сөйлеу кемістігі бар балалар
Мазмұны: 
1. Сөйлеу кемістігі бар балалардың жалпы 
сипаттамасы. 
2. Сөйлеу бұзылыстарының түрлері. 
3. 
Сөйлеу 
тілі 
бұзылған 
балаларға 
психологиялық-педагогикалық сипаттама. 
 
Мақсаты:
Сөйлеу кемістігі бар балаларға психологиялық-
педагогикалық сипаттамамен танысу.
1.Сөйлеу тілі бұзылған балалардың орталық жүйке 
жүйесінде функционалдық не органикалық ауытқушылықтар 
болады. Қалыпты сөйлеу қызметі үшін мидың барлық 
бөліктерінің тұтастығы және қалыпты болуы қажет, сонымен 


45
бірге есту, көру және моторлық жүйенің қалыпты қызметі 
болу керек. Сөйлеу бұзылыстарының кең таралғаны: 
дислалия, дизартрия, ринолалия, тұтықпа, алалия, афазия 
және т.б. Сөйлеу бұзылыстарының туындау себептері ек 
топқа ажыратады: биологиялық және әлеуметтік.
Биологиялық себептер. Сөйлеу бұзылыстарының 
пайда болуына экзогенді-органикалық факторлар– баланың 
және оның ағзасының орталық жүйке жүйесіне түрлі 
қолайсыз ықпалдар әсер етеді. Бұл факторлар тобының 
ықпалы уақытқа байланысты құрсақтағы паотлогия, босану 
кезіндегі патология және баланың бірінші жылындағы түрлы 
зиянды ықпал.
Әлеуметтік факторлар балалардың психикалық 
депривациясымен байланысты. Баланың сөйлеу дамуына 
эмоционалды 
және 
сөйлеу 
қарым-қатынасының 
жеткіліксіздігі, педагогикалық салғырттық, дұрыс емес 
тәрбие кері әсер етеді. Бала сөйлеуіне шектен тыс ықпал 
ету, мектепке дейінгі жаста екі тілдік жүйені меңгеру, 
қоршаған адамдардың тіл кемістігі де жағымды нәтиже 
бермейді. Бір сөзбен айтқанда, тіл бұзылыстарының 
себептері бала тілінің дамуына жете көңіл бөлінбеу болуы 
мүмкін.
2. Сөйлеу тілі бұзылған балалар саны жыл сайын 
артуда. Сондықтан логопедтер мен дефектологтардың 
жұмысы мұндай балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді 
формаларын іздеуге бағытталған. Сөйлеудің түрлі 
бұзылыстарының 
негізінде 
бала 
дамуының 
түрлі 
сатыларында (перинаталды, наталды, постнаталды) бас ми 
қабығының бұзылысында жатыр. Осыған байланысты 
көпшілігінде 
тепе-теңдіктің, 
қимыл-қозғалыс 
координациясының 
бұзылуы, 
артикуляциялық 
қозғалыстардың және қол моторикасының түрлі қимыл-
қозғалыс бұзылыстары болады. Балалар кез келген іс-
әрекет түрінде тез шаршайды және жалығады. Ол тек ақыл-
ой іс-әрекетіне ғана емес, баланың мінез-құлқына да, өзін-
өзі сезінуіне де ықпал етеді. Бұл қатты бас аурулары, 
шаршау, ұйқышылдық немесе, керісінше, ұйқы бұзылысы 
және жоғары қимыл белсенділігі түрінде көрініс табуы 
мүмкін. Үзіліс кезінде олардың белсенділігі артады, ал кейін 


46
сабақ 
материалына 
үлкен 
қиындықпен 
зейінін 
шоғырландырады. 
Сөйлеу бұзылысы бар балалардың зейіні төмен, 
әсіресе зейінді бір объектіге шоғырландыру және зейінді 
бөлу функциялары зардап шегеді. Оқушылар сөздік 
нұсқауларды қиындықпен қабылдайды, көп жағдайда өз 
әрекеттерін түсіндіре алмайды. Мамандар сөйлеу 
бұзылысы бар балалардың өз әрекетін бақйлауының төмен 
деңгейін белгілейді. Танымдық іс-әрекет бұзылыстары 
нашар еске сақтау қабілеті мен төмен ақыл-ой қабілетімен 
сәйкес келеді. Мұндай балалар тобын оқытатын педагог 
өзінің сөйлеуіне ерекше мән беруі керек, себебі оған 
баланың оқу материалын қабылдау сапасы тәуелді. 
Сонымен қатар, сөйлеу бұзылысы бар балалар мұғалім 
тарапынан ерекше психологиялық қолдауға мұқтаж болып 
келеді. Эмоционалды-еріктік сферасы тұрақсыздығымен 
сипатталады. Балаларға көңіл-күйдің тез өзгеруі тән, кейді 
тіпті агрессия, мазасыздану байқалады. Олар сабақта 
тынып отыра алмайды, ыстықты, қоғамдық көлікте ұзақ 
сапарлар нашар көтереді, бас ауруына, бас айналуға, жүрек 
айнуға шағым айтады. Функционалдық бұзылыстары бар 
балаларға невротикалық бұзылыстар тән және кей 
жағдайда төмен баға алуы, мұғалімнің ескертуі, 
сыныптастарының 
орынсыз 
қарым-қатынасы 
ауытқушылықтар тудырады. Кейбіреулерге агрессивті 
мінез-құлық, шектен тыс қозғыштық тән, басқаларына – 
ұялшақтық, қорқақтық, жасқаншақтық тән болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет