«ҚҰпия шежіре» – МӘдени мұРА



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата29.12.2022
өлшемі1,41 Mb.
#164845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
524-1-1003-1-10-20180915

 
Негізгі бөлім 
«Моңғолдың құпия шежіресінің» төл 
нұсқасы, атауы. 
Шежіренің өзінде жазылғандай, 
бұл жазба 1240 жылы моңғолдың хан ордасында 
көне ұйғыр əрпімен жазылып біткен. (282 бап). 
Шежіренің Қытайдың «Хун-У» патшасының 
тұсында 1382-жылдар шамасында көне моңғол 
(түркі-моңғол) тілінде, қытай иероглифі арқылы 
жазылған көшірмесі Қытайдың Мин династиясы 
басқармасының мұражайына түскен. Импера
-
тор Юн-ле (1403-1425) тапсырмасымен қытай 
тіліне аударылған. Түпнұсқасы жоғалған. Бірақ 
сол «мин ксилографиялық баспасы» бізге дейін 
толық жетпеді. Жазба мұраның иероглифтік 
көшірмесін тұңғыш рет орыс ғалымы Пётр Ива
-
нович Кафаров (архимандрит Палладий 1817—
1878) Бэжин (Пекин) қаласында қытайтанушы 
ретінде қытайдың ең негізгі шежірелерін зерт
-
теумен айналысып жүрген кезінде шежірені тек 
қытай аудармасынан орыс тіліне аударып, 1866 
жылы бастырып жарыққа шығаруы арқылы 
көптеген елдердің ғалымдарының назарын ауда
-
рып, зерттеуге жол ашты (Палладий 1866:3-258). 
Кейін П.Кафаров дыбысталуы қытай иероглифі 
арқылы жазылған осы нұсқаны кирилл əрпіне 
көшіреді. Содан соң ғана қазіргі моңғол 
тіліне аударылған. 1908 жылы қытай ғалымы 
Е Дэ Хуэ «Құпия шежіренің» толық нұсқасын 
(иероглифтік транскрипция, тұстық аудармасы, 
қытай аудармасы) жарыққа шығарған (Оловин
-
цов 2013а:24). 
Шежіренің бастапқы қытайша мəтіні: 
«Юан 
Чао Би Ши»
,
Қытайша: 
元朝秘史
; транс.ауд: 
Yuáncháo mìshǐ.
 «Чин-киси кахан
 – ну-кужаур»
(Юан мемлекетінің құпия тарихы, Шыңғыс 
қағанның тегі) деген екі жолдан басталған (Ты
-
ныбайын 2013а:5). Бірақ кейін шежіренің атауы 
«Моңғолдың құпия шежіресі» деген атауға ие 
болып, моңғолша 
Mongγol-un niγuca tobčiyan
 
«Монголын нууц товчоо» 
болып аударылған.
Шежіренің атауының өзгеруі жайлы 1951 
жылы Гарвардтық азиялық зерттеулер журна
-
лында зерттеуші Уилям Ханг: «
Re-transcribed 
from Chinese: 


豁侖 紐察 脫[卜]察安
; pinyin: 
mánghuōlúnniǔchá tuō[bo]chá’ān. The 

is not 
included in the Chinese-transcribed titles of the 
copies known today, but this may be the result 
of a corruption» 
(Аудармасы: «Қытайшадан 
қайталап жазылған нұсқадағы 
忙中豁侖 紐察 脫
[卜]察安
; транс.ауд: mánghuōlúnniǔchá tuō[bo]
chá’ān Моңғолдың құпия шежіресі деген атау 
қытайлардың жазған нұсқасында жоқ. Бұл тек 
тозып бүліну нəтижесінде өзгеруі мүмкін») – де
-
ген екен (William Hung 1951:151).
Қытай тілінің маманы, тарихшы Тілеуберді 
Әбенайұлы: «Бұл шежіре ХІХ ғасырдың 
60-жылдарынан бастап батыс дүниесіне таны
-
ла бастағаннан бері «құпия шежіре», «Үйəн 
əулетінің шежіресі» деліне жүріп, келе-келе 
«Моңғолдың құпия шежіресі» атанып бір-ақ 
шыққан» (Тыныбайын 2013б:5) – десе, бұл туралы 
шыңғыстанушы академик Анатолий Оловинцов 
былай дейді: «Бұл шежіренің атауы ХІХ ғасырда 
пайда болды. Шыңғыс хан туралы кафарлық та
-
рихына кейінгі аудармашылар оны моңғолдікі 
етіп өз нұсқасын енгізді. Сөйтіп, жүз елу жыл 
бойы тарихшылар-зерттеушілер Моңғолия тер
-
риториясынан моңғол тайпасын іздестіруде. 
Бірақ, Моңғолиядан Шыңғысхан замандағыдай 
моңғол атты тайпаны кездестірмеді. Қазіргі 
моңғол даласындағы көшпенділер өздерін халха-
моңғол деп атайды». (Оловинцов 2013б:25). 
Бұл шежіре атауының осылай өзгеріске 
түсуінің бірден бір себебін тарихшы Тілеуберді 
Әбенайұлы сол кездегі саяси мақсатпен байла
-
ныстырады: «Бұл тұс, Франция бастаған батыс 
отаршылдарының қазіргі қытай жерін түбегейлі 
жаулап алып, Бейжіндегі Мəнжүр (Шүршіт) 
билігін құлатып орнына қытай ұлты билігіндегі 
демократиялық мемлекеттер құрудың қамын 
жасап жатқан. Ал патшалық Россия бұл жобаны 
өз пайдасына шешудің қамында болған. Қытай 
текті халықтардың наразылығынан қорыққан 
шүршіттер батысқа мейлінше тəуелді болып 
қалған болатын. Осыған орай Мəнжүр билігі өз 
иелігі ішіндегі ешбір мұрағатты батыстықтардан 
аулақ ұстауға дəрмендері жетпеген. Ежелгі 
Ханбалықтағы 
(Бейжіндегі) 
мұрағаттарды 


Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №2 (60). 2017
168
«Құпия шежіре» – мəдени мұра
əсіресе, россиялықтар қалағанынша қотастырған. 
(Тыныбайын 2013в:4).
«Құпия шежіренің» алғашқы нұсқасы мен ав
-
торы туралы ғалымдардың арасында түрлі бол
-
жам бар. Жапондық тарихшы ғалым Конай Ясуд
-
зе бұл əйгілі жазылымның авторы Шыңғыс хан 
ордасының бас іс басқарушысы, бұрынғы Най
-
ман хан ордасының канцелярисі Тататунга еді 
деген болжамға тоқталады. Ал неміс ғалымы Хе
-
ниш, чех моңғолтанушысы Поухоның пікірінше, 
Шыңғыс қағанға ең сенімді, мемлекеттік төреші, 
татар азаматы Шишихутуг деп жазды (Munkuyev 
1929:151). Көптеген ғалымдар осы екінші пікірді 
қолдайды. Себебі, ол ұйғырша хат білетін, 
Шыңғыс ордасының ішкі-сыртқы саясат істерін, 
Шыңғыс қағанның бұйрық-əмірін орданың жа
-
сырын «Көк кітапшасына» белгілеп отыратын 
адам болған деп жорамалдайды. 
Қытай деректемелері ішінде «Юан Шидің» 
124-тарауында айтылатын аңыз бойынша 
Шың ғыс хан батыстағы найман Таян ханына 
жорық жасағанда қойынында таңбасы бар най-
манның қашқын уəзірі Татартонғаны тұтқынға 
түсіреді. «Таңбаның не қажеті бар?» деп 
сұраған Шыңғысханға: «Оның қазына-мүлік 
пен азық-түлікті басқаруда, белді адамдарды 
мансапқа тағайындауда, іс атаулы сонымен ғана 
бітетіндігін, таңба соның куəсі екендігін» айта
-
ды. Содан бастап Бұйрық-жарлықтарға таңба 
істетілетін болыпты. Оның үстіне Шыңғысхан 
Тататонғаға оң жағынан орын беріп, таңбаны 
қолына ұстатып «Ханзадалар мен төрелерге 
ұйғыр жазуын үйретуге бұйырған екен» (Влади
-
мирцов 1929:121). Бұл мəліметтен Шыңғысхан 
шаңырақ көтерген кезде моңғол ұлтының жа
-
зуы болмаған деген ойға қалмауымыз керек. 
Бір ғана айғақ – Татпар қағанның бітіктасы 
(582 ж.) көне соғды жазуымен жазылған. Ал 
қазіргі Моңғолияның солтүстік-батыс өңірінен 
табылған көне ұйғыр жазулы «Долоодойн» 
бітіктасы да бар. Ол бітіктас VІІІ-ІХ ғасырларда 
қашалған (Дамдинсурэн 1957: 62-72).
Сонымен қатар, ғалымдар арасында бұл 
шежірені керей руының бітікшісі жазған деген де 
болжам бар. Өйткені, Керей ордасының уəзірлері 
Моңғол империясын құрылу кезінде құрамына 
кіріп, көптеген бітікшілері ордаға қызмет еткен. 
Оның үстіне Шыңғыс хан шежіресінің жазылу 
үлгісі Иса пайғамбар туралы шежіренің жазылу 
үлгісімен ұқсас келетіндіктен христиандықты 
қабылдаған керей немесе найман тайпасының 
бітікшісі жазуы мүмкін делінеді. Ол туралы 
В.Я. Владимирцев былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет