«ҚҰпия шежіре» – МӘдени мұРА


«Құпия шежіренің» құрылымы



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата29.12.2022
өлшемі1,41 Mb.
#164845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
524-1-1003-1-10-20180915

«Құпия шежіренің» құрылымы
Айтып 
өткеніміздей, бұл жазба ғылым əлеміне алғаш 
қытай иероглифімен жазылған күйінде мəлім 
болған. Өкінішке орай, оның төл жазуында 
жазылған алғашқы нұсқасы жоғалған. Бізге жет
-
кен нұсқа өзара қабаттасқан үш түрлі мəтіннен 
тұрады:
1. Мəтін (Моңғолша балама). Көне моңғол 
тіліндегі мəтінді қытай иероглифтерімен дыбы
-
стап белгілеген. 
2. Тұстық аударма немесе Қытайша 
түсіндірме аудармасы. Әр сөздің тұсына ұсақ 
жазумен берілген қытайша ескертпелер.
3. Қытайша мазмұндық қысқаша аударма
-
сы. «Тұстық аударманы» жүйелеп, қытай тіліне 
түсіруден қалыптасқан жалпы аударма.
Бұл жазбаның түпнұсқасы, ертедегі шығыс 
пен батыста көп қолданылатын əдіске сай 
қағаз құрша (лента) бетіне жазылып орам 
етіп сақталған деп қаралады. Дегенмен, ол да 
жоғалып кетіп, кейін сол негізде көшірілген 
нұсқасы жидашылардың (коллекционерлердің) 
қолына жеткен. Олардың бірі он бес орам да, 
қалған екеуі он екі орамнан тұрады. Шежіренің 
негізгі бөлігі Шыңғыс хан билік құрған дəуірге, 
қалған бөлігі Өгедей ханның заманына арналған. 
«Құпия шежіренің» таралған үш нұсқасы 
бар:
1. Чэн нұсқасы. Он бес орамдығын Бау-
Тің-Бо деген біреу «Йұң-Лы жылдарындағы 
құжаттар топтамасы» деген топтаманың «құпия 
тарихнамалар» бөлімінен реттеп көшіріп алған 
деп қаралады. Кейін, бұл Хан Тай-Хуа дейтін 
жидатшының қолына түскен. Оған Чэн Да-шін 
деген адам таныстыру жазған. 
2. Гу нұсқасы. Он екі орамдық екі нұсқаның 
бірі. Бұны Гу Гөң-чій атты адам қолдан қолға өтіп 
жүрген нұсқалардан реттеп көшірген делінеді. 
3. Йе нұсқасы. Бұл нұсқаны Ұң тің-шы де
-
ген адам бір жидашыдан алып, реттеп көшірген. 
Бірақ, кейін Йе Ды-хұй атты адам иелік етіп 
«Құпия тарихнама» деген атпен бастырған (Ты
-
ныбайын 2010:3). 
Дегенмен, зерттеуші ғалымдар «Құпия 
шежіренің» транскрипцияланған қытай иеро-
глиф терінің санын 563, 502, 554, 571 деп есепте
-
ген (Тыныбайын 2010:6; Haenisch 1939:190-191; 
Bayar 1981:233; Сумьябаатар 2004:88-90). 
Әр халықтың жазуы өз тілінің ғана ерек-
шеліктеріне сай құрылатынын ескерсек, көне 
түркі-моңғол тілінің фонетикалық ерекшеліктері 
қытай тілінің иероглифтерінде жуық шамамен 
ғана белгіленуі тиіс. Яғни, тілдің фонологиялық 
заңдылықтары дəлме-дəл таңбаланбайтыны 
анық. Сондықтан да зерттеуші ғалымдар үшін 
əрқилы даулы мəселелер туындауда. 
1947 жылы моңғол ғалымы Ц. Дамдинсүрэн 
«Моңғолдың құпия шежіресін» қазіргі моңғол 
тіліне аударып бастырған кітабының алғы-
сөзінде: «Мына кітаптарды негізгі дерек көз 
ретінде пайдалана отырып, Құпия шежіренің 
түсінуге күрделі əрбір сөзіне түсініктеме беріп, 
ескі моңғол тілін ескі моңғол жазуына са
-
лып жазып, кейін осы нұсқаны негізге алып 
қазіргі моңғолдарға түсініксіз болған əрбір сөз, 
сөйлемді түсінікті сөз, сөйлемге ауыстырып, 
көркемдеп, қазіргі моңғол жазуының тіліне ауда
-
рып жаздық» – дейді (Mongolyn nuuth 1990:15). 
Бұл сөзден жазба мұраның моңғол ғалымдары 
тарапынан мейлінше өзгерістерге ұшырағанын 
аңғаруға болады. 
Ц. Дамдинсүрэн «Моңғолдың құпия шежі-
ресінің» «көне моңғол тілінен» қазіргі моңғол 
тіліне аударуда осы еңбектерді дереккөз ретінде 
сəйкестендіре пайдаланған: 
1. С.А. Козин. Сокровенное сказание, том І; 
2. Лувсанданзан. Алтын шежіре;
3. Кафаровтың «Құпия шежіренің» тран-
скрип тік жəне тұстық аудармасы.
4. Кафаровтың қытай тілінен орыс тіліне 
аударған жазбасы; Архимантрид Палладий (Ка
-
фаров) Старинное Монгольское сказание о Чин
-
гисе хане. 
5. Хэништің 1935-1939 жылы аударған Құпия 
шежіренің сөзбе-сөз аудармасы мен сөздігі.
6. Рашид-ад-дин. Моңғол тарихы: И.Н. Бере-
зиннің орысша аударған дəптері;


ISSN 1563-0307 Journal. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №2 (60). 2017
171
Шамахай С.
7. Қытай тілінен моңғол тіліне ойшыл Бар
-
гын Цэнд аударған Құпия шежіренің түпнұсқа 
екі дəптер жазбасы.
8. Шыңғыс шежіре, Алтын шежіре, 
А.М. Позднеевтің Құпия шежіренің жартылай 
сөзбе-сөз аудармасы, Алтан-Очирдың Құпия 
шежіренің сөзбе-сөз аудармасы, В.Я. Владимир-
цовтың «Моңғолдың қоғамдық құрылымы». 
Ц. Дамдинсүрэн осы əдеби-көркем аудар
-
масында С.А. Козиннің мазмұндық атауларға 
бөліп жасаған 12 дəптердің орысша атауларын 
сол қалпында қолданған. Бұл аударма 1947-1990 
жылдар аралығында төрт мəрте қайталанып 
жарық көрді. 
«Құпия шежіренің» мазмұндық бөлімдері 
мынандай:
1. Темүжіннің тегі мен балалық шағы.
2. Шыңғыстың жастық шағы.
3. Меркіттің жойылуы жəне Темүжінге 
«Шың ғыс қаған» атағының берілуі.
4. Жамұқамен жəне тайшуытпен күресі.
5. Татарды жоюы жəне Уаң ханнан ажырасуы.
6. Керейлерді иеленуі.
7. Уаң ханның өлімі жəне найман мен ке-
рейлердің күйреуі.
8. Күшіліктің қашуы жəне Жамұқаның жой
-
ылуы.
9. Жасақ əскердің ұйымдастырылуы.
10. Ұйғырлар мен орман халықтарын иеленуі.
11. Қытай, таңғыт, түрік, Бағдат жəне орыс-
ты иеленуі.
12. Шыңғыстың өлімі жəне Өгедейдің қаған 
болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет