Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін
өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму
заңдылықтарын анықтау.
DO 4332
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілікөсімдіктер пәні -Қазақстанда халық медицинасында қолданылатын көптеген дәрілік
өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізатын, халық медицинасында қолданылатын фолораның
негізін қарастырады.
Биологиялық белсенді заттарды зерттеу, жергілікті дәрілік өсімдіктер
мен дәрілік өсімдік
шикізатының жаңа, эффективті және компонентті құрамын анықтау – оларды отандық
медицинада, фармация және Қазақстан Республикасының басқа да салаларында қолдануға , жаңа
мүмкіндіктер ашуға үйретеді.
ON 2
ON 3
ON 5
ON 10
Hbio 4332
Хронобиология
Хронобиология (грек. chronos - биология ғылымының уақыт және биология) - белгілі бір
уақыт аралығында биологиялық жүйелерде болатын ырғақты өзгерістерді зерттейтін
саласы. Кейде биологиялық процестер мен құбылыстардың мезгіл-мезгіл қайталануын
зерттейтін ғылым саласы — биоритмологияны да хронобиология деп атайды. Адам баласы
өзі пайда болған кездерден бастап-ақ табиғатта болатын ырғақта биологиялық процестерге
мән беріп бақылап отырған. Осыған байланысты уақытқа сәйкес биологиялық жүйелерде
болатын ырғақтылықты тірі организмдердің негізгі қасиеттерінің бірі деп қарастырады.
Қазіргі кезде хронобиология ғылымы өз зерттеулерін математика, физика, т.б. ғылымдармен
тығыз байланыста жүргізеді.
Fito 4332
Фитопаталогия
Фитопаталогия- өсімдік ауруларының
себептері мен салдарын, оларды қоздыратын
микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап,
айықтыру, дамуын шектеу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы.
KBZh 4333
Қазіргі биология жетістіктері
«Қазіргі биология (ботаника) жетістік тері» пәні - қазіргі кезеңдегі өсімдіктер туралы жаңа
көзқарастарды қарасты рады. Өсімдіктер туралы түсінік адам ның іс-тәжірибелік,
шаруашылық тірші лігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса
бастаған. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы
кезеңінде адамдар олардың
жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақ тарын жинастырып
өз қажетіне жарата білген. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың дәрілік қасиеттерін ескере
отырып өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажыра тып олардың клеткалық құрылыының және
әртүрлілігін анықтай білу үшін оқытылады.
ON 5
ON 9
ON 14
KI 4333
Клеткалық инженерия
Клеткалық инженерия - экономикалық маңызды өнімдерді алуға, өсімдіктердің, жануарлар
тектерінің, микроағзалар штаммдарының жаңа сорттарын жасау үшін биологиялық
процестерді және жүйелерді қолдануға негізделген, ғылым мен өндірістің жаңа саласы.
Биотехнология адам тыныс тіршілігінің әртүрлі саласы үшін
маңызды өнімдер алуды
басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл технологиялар микроағзалар, өсімдіктер және жануарлар
жасушалары мен ұлпаларын, сондай-ақ жасушадан тыс заттарды және жасушалар
компоненттерінің әртүрлі биологиялық агенттер мен жүйелерінің каталитикалық
потенциалын қолдануға негізделеді. Қазіргі уақытта биотехнологияны меңгеру және жасау
іс-жүзінде барлық елдердің тыныс тіршілігінде сүруінде маңызды орында тұрады.
Nano 4333
Нанотехнология
Нанотехнология (грек.
nanos
– ергежейлі және технология) - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ
бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы
әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру.
Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік
аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға,
молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар
молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін
зерттейтін қолданбалы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: