Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет14/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Сасанилік Иранның сыртқы саясаты. 
Сасанилік Иранның сыртқы 
саясаты тікелей көршілермен қарым-қатынасы арқылы іске асты. Иран мен 


Римнің қарым-қатынастары екі жақтың араб әмірліктері мен тайпалары, 
Эфиопия мен Кавказдың кішігірім мемлекеттері үшін талас негізінде және 
сондай-ақ Шығыстағы көршілерімен қарым-қатынастарымен байланысты 
жүргізілді. 
Сасанилер сыртқы саясатының негізгі аспектілерін Парфиядан 
мұраланды, мұндағы бастысы Риммен Сириядағы, Закавказьедегі күрес және 
Кушанмен Шығыс Иран мен Орта Азия аудандары үшін күрес. Риммен соғыс 
алғашқы Сасанилер уақытынан-ақ басталып, оның бірінші кезеңі 244 ж. 
Арменияның екі жаққа бірдей бағынуымен аяқталды. I Шапур Кушан 
мемлекетімен Шығыста соғыс жүргізді. Шапурдың арабтармен қатынасы 
онша сәтті бола қойған жоқ. II Шапур тұсында сыртқы саясат белсенді 
жүргізіліп, 387 ж. Армян патшалығы Рим мен Иран арасында бөліске түсті, 
Шығыста Шапур Кушан мемлекетін қиратып, оның Батыс иеліктері 
Сасанилерге өтті. Бұл алайда, Сасанилердің эфталиттермен қақтығысына 
алып келді.
Иран үшін Закавказье Шығыс Еуропадағы ғұн тайпаларынан 
қорғалатын барьер ретінде маңызды болды. 563-567 жж. Хосров 
эфталиттерді ойсырата жеңеді. Бұл кезде эфталиттер түрік қағанымен күресіп 
жатқан болатын. Византия өз тарапынан түріктермен одақ жасауға тырысты, 
осы мақсатпен Алтайға 568 ж. Земарх бастаған елшілік жіберілді. Қайтар 
жолда парсылар Кубань маңында елшілерге кедергі жасауға тырысты, бірақ 
Византияға жергілікті одақтастары көмектесіп, бұл қоршаудан аман-есен 
құтылады. 
Сасанилердің ірі табысы Йеменді, басып алып, ол жерден Византияның 
одақтасы Эфиопияны қуып шығуы болды. Осыдан кейін Византиямен жаңа 
соғыс бастады. Бұл соғыс кезінде де екі жақ алма-кезек жеңіске жетіп 
отырды. Ұзаққа созылған (400 жыл) үздіксіз соғыстар екі жақтың да күшін
сарқып, қалжыратқаны соншалық, сол кездегі әлемнің ең ірі екі мемлекеті 
жас Араб мемлекетіне қарсы тұра алмай қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет