Әдетте, әрбір император билік басында ұзақ отырмады: таққа
жасөспірім кезінде отырған ол (Фудзиваралар осыған мүдделі болды),
есейген кезінде биліктен жас мұрагердің пайдасына бас тартатын болды,
сөйтіп буддистік монастырға кетуге мәжбүл болды, алайда экс-император
елдегі жағдайға белгілі бір ықпалын сақтауға тырысып отырды. Бірте-бірте
бұл тәжірибені кейбір экс-императорлар өз монастырларында балама саяси
орталық қалыптастыру үшін пайдаланды, бұған Фудзиваралармен бәсекелес
болып отырған ақсүйек рулар да, ықпалды монастырлар да мүдделі болған.
Мұндай балама орталықтар кейде аса қуатты күшке айналғанымен, алайда
биліктің екі-үш орталықтарға бөлшектену фактісінің өзі Фудзивараларға
тиімді болды, олардың Хэйяндағы орталығы бұл жағдайда басты орталық
болып қала берді.
Бұл ықпалды клан билік жолындағы күресте неге сүйенді?
Конфуциандық шенеуніктерді ұдайы өндірудің жолға қойылған жүйесі
болмағандықтан қытайлық үлгідегі бюрократия жүйе тиімді жұмыс жасай
алмады. Жапонияның территориялық әкімшілігінде губернаторлар мен уез
бастығы қызметтерін жергілікті шонжарлар басып алып, өз қолдарында
мұрагерлікпен ұстады, осының салдарынан орталықтандырылған құрылым
айқын түрде феодалдық белгілерге ие болды, оның аясында әрбір күшті
шонжар өз аймағында өзін қожадай сезінді. Олар шынында да қожаларға
айналды, өйткені аграрлық қатынастардағы қытай үлгісі мен жасалған
үлестік жүйе де ұзаққа бармады: IX-XI ғғ. мемлекеттік үлестер іс жүзінде
шаруа отбасыларының мұрагерлік иеліктеріне айналды, ал бірнеше
деревнялардың жиынтығы осы жерде үстемдік етіп отырған ақсүйек
шонжарлардың жеріне (сёэн) айналды. Әрине, мұралық сёэндерден түсіп
отырған табыстың бір бөлігін қожалары орталыққа, қазынаға салық ретінде
жіберіп отырды, өйткені олар, формальді түрде болса да, биліктің жергілікті
жерлердегі өкілі болды. Шамамен, X ғ. бастап Жапонияда жергілікті
жерлердегі бүкіл билік жеке меншік жерлері бар шонжарлардың, әр түрлі
көлемдегі сёэн иелерінің қолына көшті. Классикалық қытайлық
конфуциандық
бюрократиялық
әкімшілікке
балама
жүйе
ретінде
қалыптасқан осы құрылым Жапония мемлекеті мен қоғамының басты
айырмашылығы болды деп есептеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: