бастады. Самурайлар жүріс-тұрысы нормаларының жинағы - әскери этика
кодексі (бусидо)
пайда болып, қатаң орындалып отырды. Оның негізіне ең
алдымен классикалық конфуциандық идеялары алынды. Яғни қожасына
адалдық, ол үшін
өмірін беруге дайын тұру, егер сәтсіздік болып қалған
жағдайда өз өмірімен қоштасуға дейін талап етілді (харакири). Самурайлар
көп ұзамай ірі жер иелерінің билік жолындағы
кескілескен өзара қырқыс
соғысының қаруына айналды. Бұл жағдай – ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап
Жапонияның Қытайдан тағы да бір маңызды мәселеде айқын түрде
ерекшеленуіне алып келді. Билік басындағылар және бүкіл әкімшілік жүйе,
басқа шығыс қоғамдарындағыдай мемлекеттен қызметі үшін жер үлесін
алып отыратын шенеуніктік бюрократияға (Қытай) немесе әскери
қызметкерлерге (мұсылмандық Шығыс елдері) сүйенген жоқ, ақсүйек
шонжарларға
тікелей тәуелді, өз қожаларына берілген самурайларға
(рыцарьларына) сүйенді.
Осы бір-бірімен тығыз байланысты жапондық қоғам үлгісінің
ерекшеліктері Жапонияның бүкіл тағдырын анықтады. Алайда, жеке меншік
мүддеге бағытталған феодалдық құрылым,
ортағасырлық Еуропадағыдай
бытыраңқылыққа алып келген жоқ. Жапонияда орталықты әлсіретуге
бағытталған үрдіс орталықты күшейтуге бағытталған үрдіспен тепе-теңдікте
болып, нәтижесінде тұрақты, өзіндік бір ерекше билік балансы жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: