жылда бір қайта бөліске түсіп отыратын мемлекеттік үлестік жерлерге ие
болды, бұл жерді пайдаланғаны үшін олар астық, мата түрінде салық төлеп,
міндеткерліктер өтеуге тиіс болды. Шенеуніктер қызметі үшін берілетін
үлестерге ие болды, оның көлемі қызметі мен рангасына байланысты болды.
Ықпалды адамдардың бір бөлігі өмірлікке, кейде мұрагерлікпен де берілетін
жер үлестерін алды. Құлдарға да үлестік жер берілді (шаруа жерінің 3/1-
індей көлемде), ал толық құқылы емес таптардың (бэ) статусы көтеріліп, іс
жүзінде толық құқылыларға айналды, олардың бір бөлігі, әсіресе Қытай мен
Кореядан келген келімсектердің ұрпақтары, егер білімді болса,
шенеуніктерге өтіп отырды.
Тайка реформалары, 701 жылғы Тайхоре арнайы кодексімен
толықтырылып, Жапонияның әлеуметтік және саяси құрылымының негізін
жасады. Осы реформалар Нара дәуірінде (ҮІІІ ғ.) Жапон мәдениетінің
гүлденуіне іргетас қалады. Тан империясының астанасы Чананьның үлгісі
бойынша Жапонияның астанасына айналған Нара қаласы салынып, қалада
көптеген сарайлар, көшелер, храмдар, монастырьлар т.б. тұрғызылды.
Жапондықтардың ежелгі синто діні («аруақ жолы») қытайлық даосизммен
байытылып, буддизммен араласып, ребу-синто деген жаңа діни құбылыс
пайда болды. Осы жағдайдың бәрі жапон әдебиетінің, философиясының
жалпы мәдениетінің дамуына ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: