Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет6/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Тан империясының құлдырауы. 
ҮШ ғ. басында елдің шеткергі 
аймақтарындағы әскери наместниктер мен орталық биліктің арасында күрес 
шиеленісті. Соған орай 711 ж. император округтық әскери губернатор
(цзедуш) қызметін бекітті. Оларға шаруалардан, салық жинауда, үлестік 


жерлерін тастап қашқан шаруаларды ұстап, жеріне қайта қайтаруда 
мемлекетке көмектесу міндеті жүктелді. Алайда, ҮШ ғ. 20–жж. кейбір 
округтерде әскери губернаторлар император билігіне қарсы бүлік шығара 
бастады.
Тан империясының сыртқы саясаты да әлсіреді. Қытай «Ұлы жібек 
жолына» бақылауынан айрылып қалды. Корея тәуелсіздігін жариялады. 
Бирмаға шығатын сауда жолын тәуелсіз Наньчжао корольдығы иеленді.
Тибеттіктер, қидандар мен ұйғырлардың шекаралық жерлерге қашуы 
жиіледі.
Күшті цзедуштердің бірі Ань Лу-шань (түрік тегінен) болды. Ол үш 
шекаралық наместниктікті (Шаньси, Хэбэй, Ішкі Монғолия) басқару 
қызметіне тағайындалды. 755 ж. Ань Лу-шань 150 мың әскерімен Кайфын, 
Лоян, Чаньаньды басып алды. Император Сычуаньға қашты. Қанды қырғын 
Солтүстік Қытайды шарпып өтті. Көп кешікпей бүлікшілер қосынында 
билікке талас басталды. Ань Лу-шаньға басқа әскери наместниктер қарсы 
шықты. 763 ж. басылды. Алайда, орталық билікті мойындамайтын 
цзедуштер толқулары ҮШ ғ. 70-80–жж. жалғасты. Цзедуштер қызметі 
мұрагерлік жолмен беріліп отырды: феодалдық үйлердің наместниктіктегі 
билігі 50-60 жыл, кейде 80 жылға созылды. Феодалдық дүрбелеңдер 
көршілес көшпенділерге Қытайдың әлсіздігін көрсетті. Жалпы ҮШ ғ. 50-80–
жж. оқиғалар Тан империясының күйреуіне әкелді.
Ян Янь реформасы.
755 ж. Қытайда 53 млн селолық тұрғындар 
болған. Оның 8218 мыңы қазына пайдасына натуралды және өнімдей 
міндеткерліктерді өтеді, 44701 мыңы (5,5 есе) мемлекеттік салық төлеуден 
сырт қалды. Мемлекеттік салық төлеушілер санының күрт қысқаруы 
қазынаны азайтты. Оның үстіне мемлекеттің шығыны өсті: цзедуштермен 
күрес, шетелдік әскер жалдау, көрші елдермен соғыстар қосымша қаражатты 
қажет етті. ҮШ ғ. 60-70 жж. салық төлеу реформалары жүргізілді. 780 ж. 
бірінші министр Янь Яннің салықтық-қаржылық реформасы бойынша 
жылына екі рет (жаз, күз маусымы) салық төлеу тәртібі енгізіліп, «Екі реттік 
салық туралы заң» шықты. Осылайша Янь Янь салық төлеудің көлемін 
көбейтуді көздеді. Мемлекет жыл сайын жүргізілетін жер бөлінісін тоқтатты, 
жерді еркін сату-сатып алу заңдастырылды, жер меншігіне шек қойылмады. 
Бұл жеке меншікті ресми мойындау еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет