Тан дәуірі Қытай поэзиясының «алтын ғасыры» болды. Осы дәуірде
Қытайдың ұлы ақындары Мэн Хаожан (689-740), Ван Вэй (699-759) , Ли Бо
(701-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) және т.б. өмір сүріп, атақты
шығармаларын жазды. Олардың еңбектері әлемдік классиканың алтын
қорына қосылды.
Қытайдың материалистік бағыттағы философиясы да жақсы дамыды.
Оның ірі өкілі Фань Чжэнь есімді философ болды.
Қытай жазушысы Хань
Юй (768-824) будда дінін сынап еңбек жазды. Оның өлеңдері мен
романдарының негізгі арқауы адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік мәселелері
болды.
Қытайда география ғылымы дамып, қытай жиханкездері Үндістанға,
Орта Азияға сапар шекті. 645 жылы Үнді жеріне саяхат жасаған Сюань Цзянь
үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды.
Орта ғасырларда Қытайда қолөнер мен сауда өркендеп, дамыды. Орта
ғасырларда Қытайда дүние жүзінде алғаш болып кітап басу ісі пайда болды.
Баспаханалар салынып, кітаптар көптеп шығарылды. Ежелгі қыш өндірісімен
қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді.
Жалпы,
VI-IX
ғасырларда
қытай
қоғамы
монархиялық,
орталықтандырылған басқару формасы бар айқын иерархиялық құрылымнан
тұрды, әлеуметтік және саяси өмірде аристократиялық негіздер басым болды,
халық жеке басының еркіндігі немесе тәуелділігіне
қарай көптеген
сословиелік топтарға бөлінді. Шаруашылық, негізінен, натуралды сипатта
болды. Алайда тауар-ақша қатынастары да белгілі дәрежеде сақталды. Қанау
жүйесі біркелкі болған жоқ, бірақ барлық оның формаларында экономикадан
тыс қанау элементі орын алды. Бұл ең алдымен әр түрлі категориядағы жеке
басы тәуелді адамдарды қанаудан айқын көрінді. Жеке басы ерікті төменгі
топ адамдары рента-салық арқылы және мемлекеттік
міндеткерліктер арқылы
қаналды. Сонымен қатар жеке меншік жер иелері өз жерлерін жалға беру
арқылы өндірушілерді қанап отырды.
Осының бәрі Тан дәуіріндегі Қытай қоғамы өзінің негізгі параметрлері
бойынша феодалдық қоғамның өзіндік бір түрі болғандығын көрсетеді.
Алайда онда бірқатар ежелгі қоғам белгілері сақталды. Оның иерархиялық
болуына, сословиелер арасындағы межелердің маңызды болуына қарамастан,
сословиелік бөліністің ретке келтірілуі әлі де болса, бұлыңғыр, анық емес еді.
Сословиелік және таптық бөлініс бірімен-бірі сәйкес келмеді, бұны
экономикалық жағынан үстем тап болып
табылатын жер иелерінің
артықшылыққа ие емес қарапайым адамдар сословиесіне жатуынан айқын
көруге болады. Сонымен бірге жерге меншік құқығы жөніндегі нақты
түсініктің жоқтығы қанау тәсілдеріндегі орталықтандырылған және жеке
бастаулардың күрделі түрдегі араласып кетуіне алып келді. Жалпы алғанда,
Тан дәуіріндегі Қытай қоғамын ерте феодалдық қоғамға жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: