тунгус тайпаларының палеоазиаттың және малайлық тайпалармен араласуы
негізінде б.з. алғашқы ғасырларында тікелей
жапондықтардың ядросы
(айндар) қалыптасты, оның бір тобы – ямотолар III-V ғғ. басқа тайпаларды
өзіне
бағындырып, аралдардағы алғашқы мемлекеттің негізін қалады.
Мүмкін бұған айтарлықтай дамыған мемлекеттілікк тарихы бар Қытайдың
ықпалы болған шығар. III ғ. өзінде Жапонияда Қытайдың келімсектер
болғаны деректерден белгілі. Қытай деректерінде де
Жапониямен арадағы
байланыстар, олардың тайпа көсемдерінің Қытай билеушісіне сый-сияпаттар
жіберіп тұрғандығы жөніндегі мәліметтер кездеседі.
Ерте жапон мемлекетінің ішкі құрылымы мынадай болды: мемлекет
басында көсем-билеуші тұрды, оның айналасында ру ақсүйектері орналасты,
яғни басты әкімшілік қызметтерді солар атқарды,
сондай-ақ олар елдің
аудандары мен округтерін басқарды. Халықтың негізгі бұқарасын қазынаға
салық төлеп отырған шаруалар құрады.
VI ғасырдан бастап аралдағы Қытай ықпалы күшейе бастады.
Бастапқыда бұл ықпал буддизммен келе бастаған болған. Кейінірек,
әсіресе
орталықтанған Суй, Тан империялары құрылғаннан кейін конфуциандық
ықпалдың үлес салмағы артты. VI ғасыр аяғында билік басына келген
Сётоку-тайси атақты «17 бап заңын» (604) шығарды, онда конфуциандық пен
буддизмге негізделген өмір сүру мен
басқарудың принциптері жасалды,
соның ішінде ең бастысы-билеушінің жоғарғы суверенитеті және кішілердің
үлкендерге қатаң түрде бағынуы. Сётоку Жапонияға Қытай және Корей
монахтары мен қолөнершілерін көптеп шақырып,
сонымен бірге жастарды
керісінше, Қытай мен Кореяға оқуға жіберіп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: