Ерте орта ғасырлардағы жапон мәдениеті. Жапонияның өзіне тән
ерекше даму жолына Қытайдың араласуы мәдениетте ерекше айқын көрініс
тапты. Бюрократиялық аппараттың қалыптасуы, жапон тарихының ресми
нұсқасын жасауды талап етті. Осылайша «Кодзики» («Ежелгі оқиғалар
хроникасы», 712) мен «Нихон секи» («Жапон анналдары», 720) жазылды. Бұл
шығармаларда осы дәуір мәдениетінің маңызды белгісі ретінде қытайлық
және ұлттық элементтердің қатар өмір сүруі көрініс тапты. Еңбектер
қытайланған жапон тілінде, Қытай тарихнамасын негізге ала отырып
жазылған.
Поэзияда VIII ғасыр ортасында қалыптасқан Қытай өлеңдер жинағы -
«Кайфусо» мен жапон өлеңдер жинағы – «Маньесю» бір-бірін қарсы тұрды.
Қарапайым халықтық мәдениет пен Қытай өркениетінің барлық жетістіктерін
қабылдаған үстем топ мәдениеті арасында үлкен айырмашылық болды.
Қытайдан иероглифтік жазу да алынды. VІ ғасырда қабылданған буддизм
жапон қоғамының жоғарғы бөлігі арасында тез тарап, VIII ғасырда
мемлекеттік дінге айналды. Бұл процестегі маңызды жетістік 752 жылы Нара
қаласында тұрғызылған 16 метрлік Будда мүсіні болды. Барлық
провинцияларда буддистік храмдар мен монастырьлар тұрғызылды. ІХ ғасыр
басында буддалық секталар - Тэндей мен Сингон пайда болды. Олар
орталықтарда емес, жергілікті жерлерде пайда болды. Осы секталар
буддалық мәдениеттің периферияға тарауына ықпал етті және буддизмнің
қауымдық синтолық дінмен ұштасуына ықпалын етті. ІV ғасырдың ортасына
дейін қытай әдебиеті үстемдік етуін жалғастырды, бірақ осы уақытта
жапондықтардың ұлттық әліпбиі қалыптасып, мұның өзі ұлттық әдебиеттің
одан әрі дамуына ықпал етті.
Бекіту сұрақтары: 1. Жапон аралдарындағы алғашқы мемлекеттіліктің қалыптасуы?
2. Тайка төңкерісінің барысы мен нәтижелері?
3. Жапондық ортағасырлық саяси жүйенің ерекшеліктері?
4. Самурайлар сословиесінің қалыптасуының алғышарттары?
5. Ерте орта ғасырлардағы Жапонияның мәдение дамуының ерекшеліктері?