Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


III ТАРАУ  САСАНИ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет13/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

 
III ТАРАУ 
САСАНИ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХЫ 
Мемлекеттің қалыптасуы. 
Иран территориясында ежелгі дәуірде 
қалыптасқан Парфия державасы о бастан-ақ орталықтану деңгейі төмен, 
бытырыңқы мемлекет болған еді. Тек шет аудандарда ғана емес, түбегейлі 
Иран жерлерінің өзінде жартылай тәуелсіз, кейде толықтай дербес 
билеушілер отырды. Ресми түрде олар шах титулына (патша) ие болды, ал 
Парфияның жоғарғы билеушісі шаханшах (шахтардың шахы) титулын 
иеленді. 
III ғ. 20-жж. Парфия Риммен арадағы үздіксіз соғыстан және ішкі 
қайшылықтардан әбден қалжыраған кезде орталық әмірліктердің бірі 
Парстың билеушісі Арташир (Папактың ұлы, Сасанның немересі) көтеріліс 
бастап, бірнеше жылға созылған соғыс нәтижесінде соңғы Парфия билеушісі 
V Артабанды тақтан тайдырып, билікке келеді. Бұл шамамен 227-229 жж. 
аралығы болатын. 
Арташирдің билігі көбіне өз қарсыластарымен күреспен өтіп, жаңа 
мемлекеттің негізі Арташирдың ұлы I Шапурдың (241-272) тұсында 
қаланады. Оның тұсында Сасани державасының құрамына Армения, 
Хорасанның негізгі бөлігі, Месопотамияның бірқатар аудандары кірді. 
Шапур Иран мен Ирандық емес жерлердің шаханшахы титулын алды, ал 
Арташир тек шаханшах деп аталған болатын.
Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 
Сасанилік мемлекетте ресми түрде 
Иран мен (Эраншах) Иран емес (ан-Иран) арасында айырмашылықтар 
болған. Бірақ бірте-бірте бұл айырмашылық жойыла бастады. Сасанидтер 
дәуірінде Ирандық әртүрлі этностардың тілдік жағынан бір бірімен 
жақындасу процесі жүрді. Дәл осы дәуірде парсы тілі (парсик) мемлекеттік 
тіл болып, дари тілі деп атала бастады, оның мағынасы сарай тілі дегенді 
білдіреді, осы тіл бірте-бірте жергілікті диалектілерді ығыстырды. 
Соған қарамастан Сасанидтер державасы көп этносты мемлекет болып 
қала берді. Арамейліктер, араб тайпалары, кузистандықтар және еврейлер 
мекендеді. Кең байтақ империяда әлеуметтік және экономикалық дамуы 
барынша әртүрлі деңгейде болған, әртүрлі халықтар өмір сүрді. Сасанидтер 
солтүстік-батыста Риммен соғыстарын үнемі жүргізсе, ал Шығыста IV ғ. 
Кушан империясының территориясын (Ауғанстан мен Пакистан) өзіне қосып 
алды. Сондай ақ I Шапур тұсында Сасанидтер державасына Мерв қосылған 
болатын, бірақ одан ары Амударияның арғы бетіне кейде жорықтар 


ұйымдастырылғанымен, бұл жерлер ешқашан Сасанидтерге ұзақ уақыт 
қараған емес. 
Иранда орта ғасырларда экономикалық екі секторы болды: егіншілік 
пен көшпелі малшылық. Табиғат жағдайларының ерекшелігіне байланысты 
әр түрлі аудандарда бұл екі шаруашылықтың белгілі бір түрі басым болып 
отырды. Отырықшы халық мемлекетін саяси және экономикалық орталығы – 
Савадта (Ирак) басым болды. Иранның кең байтақ кеңістігінде егіншілік 
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар орын алды. 
Көшпелі және жартылай көшпелі халық негізінен ирандықтардың өзі болды 
(күрдтер). Сасанилер дәуірінде көшпелілер орталық билікке жартылай ғана 
бағынды. Ирандағы осы жағдай XX ғасырдың 30-жж. дейін сақталды. 
Сасанидтер дәуіріне қалалардың гүлденуі тән болды. Батыс Еуропада 
қалалар құлдырап жатқан кезде Иран қалаларының гүлденуі ғалымдардың 
ерекше қызығушылығын туындатты. Селевкидтік және парфиялық 
дәуірлерде қалалар антикалық полистер тәріздес өзін-өзі басқаратын 
организмдер болған еді. Сасанидтер дәуірінде қалаларды орталық билік 
өкілдері басқаратын болды. Ең ірі қала Тизбон (Ктесифон) Тигрдың екі 
жағалауын да алып жатқан елдің астанасы болды. 
Сасанидтік Иранның қоғамдық құрылысына қатысты қазіргі 
тарихнамада әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы уақытқа дейін кеңес 
тарихнамасында және шетел тарихнамасында да Сасанидтер дәуірі жөнінде 
Иранда феодалдық қоғам қалыптасқан уақыт деген пікір басым болып келді. 
Бұл көзқарас сасанидтік түп-деректерді, ең алдымен құқықтық құжаттарды 
жан-жақты ғылыми талдау жасағанға дейін орын алды. Соңғы уақытта армян 
зерттеушісі А.Г.Периханянның сасанилік құқықтық деректерге жасаған 
осындай жан-жақты талдауынан кейін ерте сасанилік кезеңдегі Иран 
қоғамының Парфия қоғамынан соншалықты айырмашылығы жөқтығы 
көрінді. Бұл екі қоғамды да ежелгі қоғамының нұсқалары деп қарастыруға 
болады деген қорытынды жасалды. 
Алайда кейінгі сасанилік дәуір, яғни V-VI ғ. ертефеодалдық 
қатынастардың пайда болуымен, ежелгі Иран қатынастарының қирауымен 
сипатталады. 
Иранда сасанилік дәуірде болған құқық нормалары бойынша халық екі 
негізгі категорияға бөлінді: толық құқылы қауым мүшелері «азаматтар» және 
қауымға кірмейтін толық құқылы емес адамдар «азамат еместер». 
Соңғыларға құлдар да жатты. Қауымдар азғандық және әлеуметтік жағдайы 
бойынша әр түрлі болды. Нафтардың (қауым) қатардағы өкілдері азаттар 
болған, яғни мемлекетке артықшылық жағдайға ие болған, алайда барлық 
«азаматтар» шаханшах бандак (шаханшах құлдары) деп есептеді. 
Иранның қоғамдық құрылымын маңызды ерекшелігі сословиелері 
(кешак) болды. Бұл сословиелер ежелгі үнді варшаларына ұқсас. Бастапқыда 
сословиелер саны төртеу болды: абыздар, жауынгерлер, егіншілер және 
қолөнершілер. Бірақ, кейінірек олардың бөлшектену процесі жүрген тәрізді.


Негізгі тікелей өндірушілер қауымдастар болды. Олар бастапқыда 
қауым мүшелері болды, ал VI ғ. бастап ерекше категория рам (қарапайым 
халық) болып өзгерді. 
Наф мүшелерінің рам категориясына айналуымен қатар, қауымның 
жоғарғы бөлігі декхандар деп аталатын болды. Олар бірте-бірте Иранның 
ежелгі шонжар руларының маңызын қиратып, солардың орнын ала бастады. 
Деректердің көрсетуі бойынша иранда V-VI ғғ. межесінде шиеленісті 
әлеуметтік қайшылықтар орын алған. Ру ақсүйектері мен зороастризм 
діңбасыларының үстемдігі халықтық кең топтары тарапынан наразылығын 
туғызды. Осының бәрі қуатты әлеуметтік қозғалысқа айналып, ол қозғалыс 
көсемінің есімімен Маздакиттік деген атау алды. Халықтық ең кедей 
топтарының мүдделерін көрсете отырып Маздак мүліктік және әлеуметтік 
теңдік ұранын көтерді. Қозғалыстың нәтижесін декхандар пайдаланып кетті, 
олар ру ақсүйектерімен тең құқыққа ие болды. Жүз жыл өткеннен кейін, араб 
жаулаушылықтары заманында дәл осы декхандар Ирандағы ірі және орта 
жер иелерінің негізгі бөлігін құрады. Зороастризм дінбасылары өз жағдайын 
сақтап қалды. Ру ақсүйектерінің тірегі болған әскери сословие іс жүзінде 
жойылды.
I Хосровтың 531-579 жж. әскери және әкімшілік реформасы осы 
өзгерістерді заң жүзінде бекітіп берді. Әскери ведомствоны шаханшахтың өзі 
басқаратын болды. Армиядағы қызметке декхандар өкілдері тартыла 
бастады. I Хосров реформасы держава басшылығының билігін нығайтты, 
бірақ ол абсолютті бола алған жоқ, мұны кейінгі уақытта орын алған саяси 
төңкерістер жақсы көрсетеді. 
Соған қарамастан реформалар нәтижесінде мемлекеттің орталығы 
айтарлықтай күшейеді. I Хосров тұсында мемлекет 4 үлкен бөлікке (куст) 
бөлінеді: батыс, шығыс, солтүстік, оңтүстік. Кусттар марзпандықтарға 
бөлінді, ал олар өз кезегінде тасуджілерге бөлінді. Куст басшылары қатаң 
түрде шаханшахқа бағынды. Бұл әкімшілік басқару бастапқы кезде орталық 
өкіметте күшейтуге қызмет еткенімен, бірте бірте остандар мен 
марзпандардың дербестікке ұмтылу тенденциясы жанданды. 
I Хосровтың салық реформасы да аса маңызды болды. Ол бойынша 
жер салығы (хараг) түскен өнімнің көлеміне байланысты емес, өңделетін жер 
көлемі мен егілетін дақылға байланысты ақшалай түрде өтелетін болды. 
Бұған қоса тұрақты түрде жан бас салығы (гезит) енгізілді. Оның көлемі 
отбасының мүліктік жағдайына байланысты болды. 
Шаханшахтардың орталық өкіметті күшейтуге бағытталған саясатының 
нәтижесінде дабирлердің (шенеуніктердің) рөлі өсті, олар ерекше бір 
сословие ретінде қарастырыла бастады. 
Бұл реформа мемлекетті уақытша ғана күшейтті, алайда Иран 
қоғамының феодалдануымен байланысты жаңа жағдайда да пайда болған 
сепаратистік ұмтылыстарды тізгіндеп ұстап тұра алмады. Дәл осы жағдай 
Сасанилік мемлекеттің әлсіреуінің негізгі себебі болған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет