Ұлы Отан соғысының уағындағы шағын кеңсе, үстел басында жас
сарбаз жазу жазып отыр. Герольд (неміс шал) келіп кіреді.
Неміс._Сəлем_бердік._Жайық._Амансыз_ба,_қалыңыз_қалай_Жайық._Бірақ_мен_болмаймын._Майданға_аттанып_барамын._Неміс.'>Неміс._Жақсы..._Жайық.'>Неміс.
Сəлем бердік.
Жайық.
Амансыз ба, қалыңыз қалай?
Неміс.
Жақсы...
Жайық.
Сіздің нендей жағдай болса да жақсы дейтініңіз жақсы.
Неміс
(күліп).
Жақсы болса енді басқаша қалай айтамын?
Жайық.
Дұрыс. Мында қолыңызды қойыңыз. Болды,
енді тура екі
аптадан кейін келіп, бой көрсетесіз.
Неміс.
Бір жаққа қашады дейсің бе?
Жайық.
Бірақ мен болмаймын. Майданға аттанып барамын.
Неміс.
Е де...
Олай болса көріскенше, балам. Қайда жүрсең де аман-
есен бол.
Жайық.
Қызық,
сіз де неміссіз, майдандасқалы бара жатқан
дұшпаным да неміс. Бірақ сіз мында маған амандық тілеп тұрсыз.
Неміс.
Неміс пен фашистің айырмасы жер мен көктей.
Бұны сен
білмей айтып тұрсың, бірақ осыны білетіннің
өзі білмегенсіп мына
сойқанды салып отыр емес пе. Сол қинайды.
Достарыңызбен бөлісу: