Жасұланның анасы.
Қай қазақтың жоғын түгендейсің,
қай тесікке
барып жамау боласың... Ана бала... обал-ай, құдай-ай, қайтейін енді...
Он бірінші көрініс
Жəмиланың шаңырағы. Дастархан басында Жайықты майданға
шығарып салуға жиналған бүкіл ауыл адамдары отыр. Домбыра
күмбірі.
Диуана шал.
Əй, Сəлім, орныңнан тұршы, балам. Міне, қараңдар!
Бүгіннен бастап мына батыр Елубаев болды.
Кеше райкомға барып, өз
атыма аударып алдым. Енді бұл қырандарыңды Сейітқожаның ұлы деп
қабылдаңдар. Аты – Сəлім. Айдауда өлген құлыным Сəлiмнiң аруағы
риза болсын.
Неміс шал.
Аумин, аумин!
Айжамал.
Ой, ата, құтты болсын!
Гүлжамал.
Бауы берік болсын!
Жəмила.
Мынау бір керемет қуаныш болды ғой. Ата, құтты болсын.
Əй, Айжамал, Гүлжамал, əн шырқаңдар ендеше.
Олар əн салады. Бəлкім «Елім-айды»... Əрі қарайғы əңгімеге арқау
болатын тақырыпта болса жақсы болар еді..
Неміс.
Бізді мəжбүрлеп көшірді ғой. Туған жеріміз Еділ бойы. Ата-
бабам сол жерді екі ғасыр мекендеді.
Өзіміздің Автономия, кəдімгідей
еліміз, отанымыз болды.
Достарыңызбен бөлісу: