екен. Қараған да жоқпын, үйге жүгірдім.
Ауыл тым-тырыс, тіршілік
белгісі білінсеші. Клуб болса, жанып жатыр. Үй қаңырап бос тұр.
Анам да, күйеуім де, қызым да жоқ. Тек шүберек
қуыршағы домалап
бұрышта қалған... Қызым қолынан тастамаушы еді... Шыңғырып
жібердім. Ал клуб болса, маздап жанып жатыр. Жанұшыра жүгірдім.
Төңіректі күйген еттің жүрек айнытар тəтті
иісі алып кетіпті,
жарандар!!! Азғындар, хайуандар,
сендерге кішкентай періште,
бейкүнə сəби не істеді? Бүкіл ауылды клубқа жинап, от қойған екен...
Бірге кетейін деп ұмтылып едім, жібермеді.
Пойызға салып алды да
кетті. Ал клуб болса жанып жатыр, жанып жатыр...
Айжамал.
Алда байқұс-ай.
Гүлжамал.
Сұм заман-ай! Қарғыс атқыр Гитлер-ай!
Жəмила.
Жарайды, жарайды, құдай-ай.
Барлығы шешен əйелді құшақтап, дауыс салып еңірейді.
Диуана шал.
Жаман ырым бастамаңдар. Жайықжанды, үлкен сапарға,
қанды қырғынға шығарып салғанда не болды?
Дауыс шығарғандарың
қай сасқандарың. Тоқтатыңдар, түге!
Неміс.
Иə, менің Мартам да о дүниелік болды. Умаждалған қағаз
сияқты жүріп бара жатқан пойыздан лақтырғанда...
жаным қалай
шықпады, мына жүрек шіркін қалай тоқтап қалмады мен білмеймін.
Достарыңызбен бөлісу: