Ауылбасы.
Бұл контужный.
Əскери.
Давай, ие бол адамдарыңа!
Жүріп кетеді.
Бригадир.
Совет өкіметінің жаулары, өңшең сұм залымдар!
Капиталистік империализмнің жансыздары! Оқ жаудырыңдар,
батальон!
Ауылбасының əйелі.
Ойбай! Енді қайттік?
Ауылбасы.
Қайдағы жансыз,
өңшең бала-шаға, шал-шауқан. Ең
болмаса қара жұмыс істеп, қиыншылықты көтерісетін еркек
жібермеген екен.
Ауылбасының əйелі
. Өкіметті ақымақ көресің ба?
Сенің осы
мінезіңді-ай. Елдің бəрі ақымақ та, ақылды жалғыз сен. Ананың
айтқанын естідің бе, өлсе өле берсін деді. Əй!
(Ауыл адамдарына
айқайлайды)
. Ана нашалнiк бала жоламаңдар, аулақ жүріңдер деді,
бұлар кісі етін жейді дейді. Жоламаңдар! Кетіңдер!
Балаларды
тығыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: