Байланысты: K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova
Диуана шал. Əй, бала, ауылға қайт!
Бала қозғалмайды .
Диуана шал. Əй, бейшара, өзіңде тіл-ауыз бар ма... Қайтейін. Олай
болса бері кел. Кел, келе ғой. Ең болмаса су іш. Мə, су алып берейін.
Бала состиып қозғалмайды. Диуана шал. Өзің нені қорек етіп жүрсің? Өлесің ғой аштан. Е-е-е,
сен бір жолаушы сапарға бекем бел буған... Сарала болып атқан бір
таңда үйренген бойың ортаңды, табиғатыңды, жан жарыңды
қалдырып, суыт шығып жүре бердің қайырылмай... Кəрі əкең қалды
кемсеңдеп, ол бəрін сезіп жүрген, кəрі көкжал түйсігі бəрін пайымдап
қойған. Бірақ сол бір сары таң, уылжыған пəк көрініс уата алмады оны.
Шоқша сақалы секеңдеп, сары тістері бір-біріне қақтығысты. Ал сен
шығып жүре бердің, құлыным. Жүрісің суыт, жүзің мəрт, шаһид
тағдыр иесі. Жаратқан сені осылай мына менмін, құлыным. Кімге
өкпелеймін, кімге барып шағынам?
Ақан серінің Құлагерін айтады. Бала əлі тұр, кетпейді. Диуана шал. «Жел соқса, қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат
айдаушы, айда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!». Менің ұлым, жалғыз
перзентім... Түрмеде шіріп мерт болды. Ол халық жауы ма еді? Ол
ақын еді ғой... Əлде жүйрік біткеннің тағдыры осы ма? Міне, мына
сен... Қай елдің азаматысың? Орыс емес, не ноғай, не түрікмен емес.
Кімсің сен?
Бала үндемейді. Сол қалпы тыңдап тұр. Диуана шал. Мен аң аулаймын. Аң дейтін аң қалды ма, кейде суыр
ілінеді қақпанға, кейде түлкі, қарсақ. Қасқыр жоқ. Аяқ жетпейтін
қиырға ауып кетсе керек. Бері кел.
Орнынан тұрып, балаға қарай жүреді, бала қаша жөнеледі. Шал қаңғалақтап баланың артынан жүгірмек болады. Арғы жақтан неміс шал келеді.
Неміс шал. Немене желiгiп, кішкентай баланы қуып жүрсің?