Людмила Тен
Кан Гамчхан
(корей шал шығады)
Ли Гюбо
Ли
Сын Ман
Ким Дэ Чжун
Олар мен деп алдыға өтеді. Кейбірін «жолда өлді» деп жатыр.
Ондайда кей əйелдер талықсып құлап, дауыс салып жылайды. Анда-
санда əскерилер қамшымен дүрелеп, тыныштық орнатады. Ауыл
адамдары үрпиісіп қалған. Оларды түгендеп болған соң əскерилер
кетеді. Екі жақ бір-біріне үрпие қарап əлі тұр.
Бригадир.
Жоқ, кіргізбеймін, кіргізбеймін
советтік Жаңатұрмыс
ауылына!
Оған келгендер ерекше үркіп қарайды.
Диуана шал.
Ал енді қарап тұрмайық. Кəне, бөпеңді бере ғой,
құлыным.
Кішкентай баланың қолындағы орауды алмақ болады. Бала ышқынып
бермейді.
Ауыл əйелі.
Ойбай, қолындағысы рас бала ма?
2-əйел.
Дымы шықпайтын бұл не қылған бала?
1-əйел.
Құдай-ай, өліп қалған ғой. Шақалақ сəби ғой. Балам, жібере
ғой.
Бала шырылдап бермейді. Жабысып алған. Диуана шал барып əлгі
баланы қолындағы орауымен қосып құшағына қысып тербетіп, «Бесік
жырын» (соғыс жылдарындағы) əндетеді. Біреу шапан əкеліп,
үстеріне жабады. Бала жылап жатып, ұйықтап кетеді. Шал
шақалақты алып əйелдерге береді. Екі жақ та жылап жатыр.
Біртіндеп, халық тарай бастайды. Келгендерді қазақтар үйді-үйге
бөліп əкетеді. Сахнада диуана шал ғана баланы тербетіп қалады.
Бір үй тұр. Ағира кемпір терезенің арғы жағында жылтыңдап
сығалайды. Қолында майшам, үрейлі картина. Қолын сермеп сөйлеп
жатыр. Тарай бастаған ел кідіріп қарап қалады.
Ағира.
Тағы соғыс басталды ма? Солдаттар жүр ғой. Əбенім,
Жармұхамедiм бар ма екен арасында? Жұртым-ау, менің
құлыншақтарымды көргенің бар ма? Ауылға соғыс келді! Соғыс келді!
Жоқ! Жоқ! Жолатпаңдар, кетіңдер! Кетіңдер!
Неміс шал көптен бөлініп, осы үйге барып кіреді.