Ағира келеді.
Ағира (өзімен-өзі сөйлеседі).
Қара қағаз жібереді де жатады, жібереді
де жатады.
Төрт балам бар еді, төрт қара қағаз жіберіпті. Қағаз бала
бола ма? Сталинді айтамын да, жынды ма өзі? Соғыс біткен соң
қайтара ма əлде. Осы қағазды ала тұрсын дей ме? Əйтпесе немене?
Қағазға қатын əперем бе? Қатын қағазды не қылады? Миым жетпейді.
Жынды ма немене?
Диуана шалды байқайды. Ағира есін кенет жиып, қысылып қалады.
Қолындағы шыбықты лақтырып жібереді.
Ағира.
Ұят-ай... Қайынатам ғой
(сəлем салады).
Диуана шал басын изеп, қабағын түйген қалпы өтіп кетеді. Артынан
кішкентай бала өтеді. Ағира оған да сəлем салады. Бала да мəн
бермейді.
Үшінші көрініс
Ауыл əйелдері жиналған масақты бидайдан ажыратып отыр. Біреу
əн салады. Олардың арасында қазақтардан бөлек, ауылға келіп
қоныстанған басқа қатындар да бар. Оларды үстілеріндегі өз
ұлтына тəн элементтері бар киімдерінен танимыз. Кейбірі ортақ
əңгімеге араласып, етене жақын отырса, біреулер бөлек қалпынан
жаңылмаған. Əсіресе бір шешен əйел ерекшеленеді. Ұзын, тым ұзын.
Жас мөлшерін түріне қарап ажырата алмайсың. Басқа жұрт бір
төбе болса, ол бір төбе. Бет-жүзінде қасірет таңбасы соғылып, сол
қалпында сіресіп қатып қалған. Эмоциясыз. Көздері де қозғалмайды,
өлі. Есалаң бригадир келіп кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: