жəудіреп, ауылыңды пана тұтып келгесін... кішкене жағдай жасап...
солдаттарыңа айтсаңшы, ең болмаса жертам қазысып кетсін, нашалнiк.
Ауыл
толы қатын-бала, мыналар да қалт-құлт етіп тұрған шал-кемпір,
бала-шаға. Қалай болар екенбіз. Кішкене қол көмек беріп кетіңдер.
Командир._Уақыт_жоқ_оған._Басымды_қатырма,_кет._Ана_тізімге_қолыңды_қой,_қабылдап_алдым_де._Əрі_қарай_білгеніңді_істе._Ауылбасы.'>Командир.
Уақыт жоқ оған. Басымды қатырма, кет.
Ана тізімге
қолыңды қой, қабылдап алдым де. Əрі қарай білгеніңді істе.
Ауылбасы.
Енді қайтсеңдер де кішкене ауылдың шама-шарқына қарау
керек қой. Бұл не қылғандарың?
Командир
. Сіз көп сөйлейді екенсіз. Өте көп сөйлейді екенсіз.
Ауылбасы
(шошынып).
Жоға. Кілең жансыз деп төгіп жатырсыңдар.
Бұларды қайда жатқызамын дегенім ғой?
Командир.
Бұл енді сенің жұмысың, ауылдың басшысы сенсің. Өзің
тап шешімді.
Бірақ есіңде болсын, сəл сезіктенсең, кілт еткен күдік
туса, жас деп, кəрі деп, көзі əдемі деп аяма. Дереу, естіп тұрсың ба
дереу келіп, баянда.
Достарыңызбен бөлісу: