Гүлжамал.
Мə, сен де іш айраннан. Іше ғой.
Айжамал.
Болды,
дарақылана берме, өзімізге де қалсын.
Гүлжамал (қысылып).
Жетеді, жетеді ғой.
Зуһра.
Жоқ, рақмет.
Түрік кемпір.
Айналайын, рақмет. Қазір сəл шыдасақ, үйге қайтамыз.
Өздерің ішіңдер, өздерің ішіңдер.
Жəмила дорбасын қопарып-қопарып, түбінен ірімшік шығарып,
ақырын Зуһраға береді. Əйелдер əрі қарай ыңылдап əндетіп,
жұмыстарын жалғастырады. Терезеден Ағира сығалап жүр. Ол
əйнекті қағады. Əйелдер оны байқап, күрсініп қояды.
Ағира.
Қыздар-ау, беу қыздар!
Төрт ұлым төрт жағымнан алып,
аяғымды жерге тигізбей көтергенде көрермін сендерді. Сол кезде бəрің
жыпырлап, апа-апа деп асты-үстіме түсерсіңдер əлі. Ана жақта туады
менің дəуренім, сонда көресіңдер...
Төртінші көрініс
Қоңырқай шаңырақ. Ортада дөңгелек аласа үстел. Майшам
сығырайып жанып тұр. Жасұлан мен Ақеділ кітапқа шұқшиып бір
нəрсе жазып отыр. Украин қыз Люба оларға қарап отыр. Жəмила
кіреді. Ол келгенде балалар бəрі жапырлап, қолына қарайды. Жəмила
орамалын шешіп, шашын жайып жіберіп, арасын қағып-қағып, бидай
түсіреді. Оны қолдиірменге тартып, бір уыстай ұн жасап, быламық
пісіреді. Төмендегі əңгіме Жəмиланың осы ісі барысында жүреді.
Жəмила.
Балалар, жұмыстарыңды аяқтаңдар.
Кешкі шайымызды ішіп
жатайық.
Ақеділ.
Жайық келмеді ғой.
Достарыңызбен бөлісу: