Көмбе нанның дәмі


Зуһра. Иə, аумин, солай болса екен.  Люба



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova

Зуһра.
Иə, аумин, солай болса екен. 
Люба.
Айтқаның келсін. 
Жасұлан.
Ал мен басқаша жорыдым. 


Люба.
Қалайша? 
Жасұлан.
Үйленгім келіп жүр. 
Барлығы күліп жіберді.
Ақеділ.
Ана жақта қан майдан, жұрт қырылып жатыр, ал сенікі не
желiк? 
Люба.
Желік демеші, жаман естіледі екен. Үйленсе несі бар. Көркем,
сымбатты жігіт. 
Зуһра.
Люба, сен оған ғашық болып жүрме. 
Люба.
Енді сен оттап кеттің! 
Жасұлан._Қашан_Ақеділ.'>Ақеділ._Люба_екеуіңе_не_болған,_шыбық_тигізбейсіңдер_ғой_тегі._Не_айттым_сонша_Жасұлан.'>Ақеділ.
Ғашық болса несі бар, көркем, сымбатты жігіт. 
Барлығы күледі. 
Люба.
Қойыңдаршы, сендерді де дос деп жүрмін ғой. 
Жүгіріп кетіп қалады. Зуһра оның соңынан жүгіреді.
Ақеділ.
Бекер болды, ренжітіп алдық. 
Жасұлан.
Алдық демеші, сен ғой бастаған. 
Ақеділ.
Зуһра екеумізді айтамын. 
Жасұлан.
Зуһра екеуміз деп оны неменеге меншіктей қалдың. 
Ақеділ.
Люба екеуіңе не болған, шыбық тигізбейсіңдер ғой тегі. Не
айттым сонша? 
Жасұлан.
Люба екеуің деп бізді бөлектеп тұрсың. Бəріміз бірге
жүргенде біртүрлі естіледі екен. Доспыз дейсің де, қит етсе
бөлектейсің. 
Ақеділ.
Жасұлан, болды қойшы. Ондай ойым болған жоқ. Зуһра
екеуміз дегенде... Енді... мен оған сөз айттым ғой, білесің бе. 
Жасұлан.
Қашан? 
Ақеділ.
Біраз болды. 
Жасұлан.
Ол не дейді? 
Ақеділ.
Келісті. Алматыға бірге кететін болдық. Тек көктем шықсын. 
Жасұлан.
Қойшы, сенбеймін. 
Ақеділ.
Рас. 
Жасұлан.
Шешең біле ме? 
Ақеділ.
Сол шешемнің жайы қиын болып тұр. Жайық болса күні-түні
жұмыста, əскери адам. Анамды жалғыз қалдырғым келмейді. Əйтпесе
білесің ғой, оқығым, ғалым болғым келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет