Жасұлан
. Мен сенбеймін.
Зуһра қайтып келеді.
Зуһра.
Жоқ, қайырылмады. Қатты ренжіпті.
Соған қарағанда,
айтпады
деме ол саған ғашық.
Жасұлан.
Маған бəрібір. Ақеділ, Зуһраға өлеңіңді оқыдың ба?
Зуһра._Ақеділ,_өтінемін..._Ақеділ.'>Ақеділ.
Қойшы деймін, болды.
Жасұлан.
Жоқ, тыңдашы, бір керемет өлең жазыпты.
Зуһра.
Ақеділ, өтінемін...
Ақеділ.
Жарайды...
Егер де біреу сұраса менен:
«Қай ақынды сүйесің сен?»
Көп
ойланбай,
мақтан етіп,
«Маяковский!»
дер едім мен
(Г.Бельгер. «Бремябудней» кітабынан).
Зуһра.
Күшті...
Жасұлан ішін басып күліп жатыр.
Жасұлан._Егер_шын_дос_болсаң,_менің_сыртымнан_Зуһраға_сөз_айтпайтын_едің._Ақеділ.'>Ақеділ.
Жасұлан, кімге үйленетініңді айтпадың ғой.
Жасұлан.
Мен бе... Мен Зуһраға үйленемін.
Енді Ақеділ мен Зуһра күледі. Жасұлан ашуланады.
Жасұлан.
Күлкілі бір нəрсе айттым ба?
Зуһра.
Қалай үйленесің? Жасұлан,
ұят болады, олай айтпа.
Жасұлан.
Сенің Ақеділмен сөз байласқаныңды
мен қазір естіп
тұрмын. Бірақ жаңа үйленем дегенде, сені ойлап тұрғанмын.
Сондықтан қалай десең де, мен бірінші болып айттым.
Ақеділ.
Жасұлан, болды, қойшы енді. Екеуміз дос емеспіз бе...
Жасұлан.
Егер
шын дос болсаң, менің сыртымнан Зуһраға сөз
айтпайтын едің.
Ақеділ.
Енді сенен бата сұраймыз ба?
Жасұлан.
Ешқандай да бата жоқ. Зуһра, ойлан. Мен айттым. Қаласаң,
ертең таңертең əке-шешемді жіберейін үйіңе.
Зуһра.
Жоқ, олай болмайды.
Ақеділ.
Болды, кетші. Көзіме көрінбеші енді.
Жасұлан.
Жоқ, мына сен — бұдан былай көзіме көрінбейтін бол.
Зуһра.
Балалар, болды деймін!
Достарыңызбен бөлісу: