Құтырынып,
қарақшылар,
Фашист деген өңшең сұмдар.
Жаймақ бізге улы торын.
Қорықпаймыз олардан біз.
Оларды біз жеңеміз!
(Г.Бельгер. «Бремябудней» кітабынан)
Жəмила.
Жақсы, жақсы...
Жасұлан
(күліп).
Жарайды, кеттім.
Люба
(орнынан тұрып).
Иттен шығарып жіберейін.
Жəмила.
Өй, қой, быламық дайын. Дастарханнан үлкен емессің.
Ақеділ.
Иə, шайға қалсаңшы.
Жасұлан.
Жарайды.
Олар қағаздарын жинастырады. Жəмила мен Люба дастархан
қамына кіріседі.
Люба.
Менің анам тура сіз сияқты еді.
Жасұлан
(күліп)
. Сенің мамаң украинка, ол қалай Жəмила
апай сияқты
болады.
Люба
(мұңайып)
. Мінезін айтамын. Біз інім екеуміз анам нан ашыта
бастағаннан үйді төңіректеп, аңдып жүретінбіз.
Бауырым ашқарақ
болатын. Өзі кіп-кішкентай. Ал қарны деген... Қабақтай! Сендер ондай
қарын көрген жоқсыңдар. Есіл-дерті тамақ... сосын оның ол мінезі
маған да жұғып,
екеуміз бірігіп, қазан төңіректейтін де жүретінбіз. Ал
анам деген... керемет аспазшы еді. Борщ жасағанда..... Ішіне
шошқаның майын салып, қызанақты турап,
ащы бұрыш араластырып,
қып-қызыл етіп алдыңа қойғанда... іші бауырыңды шоқша қаритын. Ал
менің інішегім, өзі үш-ақ жаста, қалай асаушы еді, қалай асаушы еді...
Содан кейін аштық басталды.
Жейтін тамақ жоқ, бір асам май, бір уыс
бидайға зар заман туды. Бұратылып жатамыз... Əкем
азық іздеп басы
ауған жаққа кетті. Оралмады. Анам тұрмай қалды... Сонда інім...
iнiшегім: «Əке, əкем келді» дейді. «Көп тамақ əкелді, нан əкелді,
қараңдар» дейді. Сөйтіп күлімсіреп, былдырлап жатып үзіліп кетті...
Ол жылап жүгіріп шығып кетеді
.
Достарыңызбен бөлісу: