Көмбе нанның дәмі


Кемпір. Бұдан былай Ақеділ деген сөзді естімейтін болайын сенен!  Зуһра



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova

Кемпір.
Бұдан былай Ақеділ деген сөзді естімейтін болайын сенен! 
Зуһра.
Неге?! 
Кемпір.
Болмайды! 
Зуһра.
Апа, мен Ақеділді жақсы көремін. 
Кемпір.
Астапыралла! 
Зуһра.
Ол да мені жақсы көреді. 
Кемпір.
Ақеділ деген əлгі сымтемірше оратылған ұзын қара бала ма?
Жасы қаншада? 
Зуһра.
Екеуміз жастымыз. 
Кемпір.
Оны қайдан тауып ала қойдың? 
Зуһра.
Күзде бірге масақ тердік емес пе. 
Кемпір.
Мəссаған, кəпір болғыр, мен бұны кішкентай сəби көріп
жүрсем, мынаның айтып тұрған əңгімесін қара, масақ тердік дейді,
зымиян мыстан!
Зуһра.
Апатай, не болды саған? Түсіңіз бұзылып кетті ғой.
Қойыңызшы. Түк те болған жоқ, жай масақ тердік. 
Түрік кемпір.
Жай масақ тердік дей ме... ух, жаным-ай. Əлгі, əлгі
сиыр... Жүрші далаға шығып қарайықшы өзі кəрі мал емес пе екен? 
Зуһра.
Қандай мал болса да тегін келді ғой. 
Түрік кемпір.
Əй, қызым бері кел. Əңгіме бар. Бұл сиыр, бұл бұзаулы
сиыр тегін келіп отырған жоқ. Осы ауылдың старшыны, ауылбасы бар
емес пе, сол түнеу күні келіп, сені айттырып кеткен, қызым. Мен


келісімімді бердім. 
Зуһра.
Жасұлан ба? 
Түрік кемпір.
Жоқ, аты Амангелді ғой деймін. 
Зуһра.
Жоқ, ұлы, Жасұланға ма? Кімге айттырды деймін! 
Түрік кемпір
. Шəңкілдеме. Дұрыстап, жай сөйле. 
Зуһра.
Кешіріңіз. 
Түрік кемпір.
Иə, Жасұланға болар. Ұлының атын сұрамадым. Бірақ
əкесі ауылды басқарып отырса, текті жердің баласы ғой. Мен келістім.
Жақсы жердің баласы, сен де жаман болмайсың. Осы, балам. 
Зуһра.
Апа, кешіріңіз, бірақ Жасұланға тие алмайды екенмін. Қазір
орта ғасыр емес, совет заманы. Адамды сиырға сатты деген не сұмдық,
мен КГБ-ға жазамын. 
Түрік кемпір.
Жаз! Жаз да Сібірге айдатып жібер мені! Кешегі күніңді
ұмытқан екенсің. Барлығы жадыңнан шығып қалатын кішкентай бала
емессің ғой. Жарымағыр отарбаны, отарба ішінде отынша қатталған
адамдарды, жан-жақтан арпылдаған иттер мен иттен жаман азғын
жендеттерді ұмыттың ба?! Сені еркек балаша киіндіріп, ішерге су
болмағанда өзімнің зəрімді аузыңа тамызып, жаныңды əрең алып
қалып едім ғой. Енді мында келіп есіргенің қай сасқаның?
Ауылбасына келін болсаң, жаман боласың ба? Өзіңді ойламасаң, кəрі
шешең мені ойласаңшы. Жат жерде, жат жұртта осындай тірегіміз
болса, осындай құда-жекжатымыз болса, қалай? Мұртымызды балта
шаппайды ғой онда. Қызым, қызым, ақымақ болма. Тыңда шешеңді.
Айтқанын істе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет