Түрік кемпір.
Тəйт! Тіл-көзім тасқа деп айт! Өз əулетінің
ертеңін
ойламайтын қатын – шіріген жұмыртқа! Жыныма тиме!
Зуһра.
Апатай!
Түрік кемпір.
Тиесің деген соң тиесің! Жасұлан ба аты кім еді, соған
тиесің. Болды!
Сегізінші көрініс
Ауыл сырты. Жасұлан тұр. Түрік кемпір Зуһраны жетектеп,
Жасұланның жанына əкеледі.
Түрік кемпір.
Ал, сөйлесіңдер. Мен ана жақта тұрамын.
Зуһра.
Неменеге тұрасыз? Мені үйді таба алмай қалады дейсіз бе?
Түрік кемпір.
Сөйлесіңдер, дұрыстап сөйлесіңдер.
Аулаққа барып тұрады.
Зуһра.
Жасұлан, бұның не?
Жасұлан.
Сені аламын деп айттым ғой.
Зуһра.
Сүймейтініме қарамайсың ба?
Жасұлан.
Қарамаймын.
Зуһра.
Мен саған өлсем де тимеймін.
Жасұлан.
Олай айтпа.
Зуһра.
Қазір мұнда Ақеділ келеді.
Достарыңызбен бөлісу: