Көмбе нанның дәмі


Жəмила. Міне, ып-ыстық, қазір пісті.  Неміс шал



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата24.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#166308
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
K 1257 mbe nanny 1187 d 1241 mi Madina Omarova

Жəмила.
Міне, ып-ыстық, қазір пісті. 
Неміс шал.
Шіркін-ай, иісін-ай! 
Жəмила
(ауылбасына).
Амангелді аға, рахмет сізге, жақсылығыңыз
құдайдан қайтсын. 
Люба.
Иісінен басым айналып кетті. 
Бəрі үнсіз қалады. Диуана шал бата жасайды, ақырындап бəрі
шетінен үзіп, ауыз тиеді. Əйелдер жылап жатыр.
Ауылбасы.
Бейбіт өмір тезірек қайта оралсын, аумин! 
Ауылбасының əйелі
(күрісініп, өз-өзінен).
Жалғыз ұл да кетті... Кетті
ғой... 


Амангелді.
Балалар аман-есен елге оралсын. 
Айжамал.
Жасұлан өзі сұранды дей ме? 
Ауылбасының əйелі.
Қайдағы 
(Амангелдіні нұсқап)
, мына қақпас
қойды ма жанын. Бала болған соң, балалық жасайды ғой. Соғысқа
жіберіп жазалайтындай не болды деймін сонша! 
(жылайды)

Ауылбасы.
Болды-болды, қай-қайдағыны айтпа. 
Ауылбасының əйелі
(жылайды)
. Қатігезсің. Оңбайсың! 
Кенет қолында түйіншегі бар шешен əйел келіп кіреді. Түйіншекті
Жəмилаға береді.
Жəмила.
Төрлет, Зейнеп, отыра қал. Рақмет. 
Неміс шал.
Баладан бір қателік кетті. Амангелді, тым қатал үкім
шығардың. Олай болмайды. 
Ауылбасы.
Солай шештім. Кінəсін құдай кешсін. 
Неміс шал.
Ол жазған арыздан мені ешкім келіп тұтқындаған жоқ,
аман-есен отырмын, міне. Ол болса, от кешіп жүр. Болмайды-
болмайды. Байқұс бала... 
Ауылбасының əйелі.
Соны ұқпай қойды ғой мына қақпас. 
Диуана шал.
Жарайды, не болса да, талайына жазылғанды көрер...
Айтып айтпай не керек... Амандығын тілейік. 
Бригадир
(өз-өзінен жылайды)
. Айналайындар-ай, Жайық-oy! Сен де
соғысты көретін болдың-ау! Ешкім көрмесе деп едім... 
(үрейленіп)
Соғысқа бармаңдар, майданға жоламаңдар! Онда арақ ішкізеді де:
«Айда, алға» деп окоптан шығарып жібереді. Мылтық жоқ, мылтық
бермейді!!! Өліп қаласыңдар-ау, балалар! Қашсаң, атады. Қызылдар
атады! Өздері-ақ атады... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет