53
қарағанда өзгешелеу келетін «қасиеті» де бұл тұлғаны қазіргі
нормадан едәуір ығыстырған деп білеміз. Мысалы,
баруға
болады
деудің орнына
бармаққа болады, баруым керек
деудің
орнына
бармағым керек
деп айту бұл күнде норма емес. Бірақ,
әрине, бұл тұлға қолданыстан мүлде шығып қалған жоқ,
өйткені мұның
-у
жұрнағына қарағанда, стильдік жүк арқалау
қабілеті күштірек. Осыны Абай жақсы пайдаланған.
Абай – ойшыл ақын. Оның суреттеуі, баяндауы қанша бол-
са, толғануы сонша. Философ абстракт (дерексіз) ұғымдарды
сөз етеді. Ал дерексіз ұғымдар жеке түбір сөздер арқылы ғана
емес, көбінесе туынды тұлғалар арқылы берілетіндігі мәлім.
Абстракт ұғымдар есім сөздерден негізінен
-лық
жұрнағымен
жасалатынын білеміз. Абай мұны да кеңінен іске асырған.
Біздің байқауымызша, бұл жұрнақпен
Абайдың өлеңдері мен
прозасында жүздеген сөз қолданылған
19
. Олардың ішінде
қазақ тілінде бұрыннан бар
, адалдық, арамдық, байлық, билік,
батырлық, балалық, кәрілік, иттік
сияқтылары да, ақынның
өзі
жасаған
суықтық
(Лермонтовтан аударған өлеңінде,
орысша
холод
дегеннің баламасы),
қоршылық (қорлық
деген-
нің параллелі), адалшылық (
адалдық
дегенмен қатар),
тоқтау-
лылық, байлаулылық, қорғалауықтық, табылмақтық, үміт
үзбестік
т. т. бар. Бұл жұрнақты Абай сөз тіркестеріне жалғап
та қолданады, бұл – Абайдан өзгелерде сирек кездесетін құбы-
лыс. Абай шығармаларындағы
мал тапшылық, қолы тарлық,
әсем салдық, қызба бастық, күлкі тоқтық
сияқты туынды
күрделі есімдер, біздіңше, Абай қаламынан шыққан (әрине,
модель бұрынғы, атаулар жаңа).
Бірақ бұл реттегі Абайдың тілге қосқандары мен
Достарыңызбен бөлісу: