44
татын қалыпты қимыл-әрекетті білдіретін бейтарап тұлғамен
(қаптайды, малма сапсиды, үйін жамайды
деген сияқты) және
-ған, -ар
жұрнақты есімше тұлғаларымен берілген.
Жазғытұры табиғат пен адамдар өмірінде қозғалыс (ди-
намизм) басталады, тірлік жандана бастайды, ақын енді осы
қозғалысты білдіретін етістік тұлғаларын да өзгертеді. Көктем
– жаңарудың басы, табиғат та, адам тіршілігі де жаңаша
түрленуді күтеді, сондықтан мұндағы етістіктердің дені
-
ар
жұрнақты келер шақ есімшемен берілген: Жазға жақсы
киінер
қыз-келіншек... Жер жүзіне
өң берер
гүл-бәйшешек ...Азалы ақ
көрпесін сілкіп тастап, Жер
күлімдер
өңіне шырай беріп... Ал
кейбір шумақтар қызу қозғалыс, динамиканы суреттейді, ол
үшін ақын
-ып
тұлғалы көсемшені алады: Қырдағы ел ойдағы
елмен
араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып...
Ша-
руа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып,
мауқын басып...
Енді нағыз жаз келді, өмірдің өзі келді, табиғат жанданды:
қазақ аулының тіршілігі де қимыл-қозғалысқа тола бастады.
«Жаздыкүн шілде болғанда» деп басталатын өлеңінде Абай
жазды қысылып шыққан қыстан кейінгі қазақ аулының тыным-
сыз тіршілігі, қарқынды қимыл-әрекеті арқылы бейнелейді.
Бұл үшін ақын етістіктерді
-ып
тұлғалы көсемшемен келтіреді.
Осы өлеңнің суреттеу композициясының өзі қызық: алғашқы
бес тармақ (жол) ұсынылатын суреттің қай кезде болатынын
баяндайды, бұған ақын етістіктердің өткен шақ есімше тұлғасы
қолайлы деп табады, яғни: Жаздыкүні шілде
болғанда,
Көкорай
шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп
толғанда
Күркіреп жатқан
өзенге, Көшіп ауыл
қонғанда
болатын жазғы ауылдың көрінісі
әрі қарай өлең соңына дейін
-ып
жұрнақты көсемшемен
суреттеледі: «Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны
қылтылдап. Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып
ыңқылдап
»...
Бір ғажабы – Абайдың екі-үш өлеңінде осы тұлға тиянақты
етістік орнында келтірілген, яғни
-ып
жұрнақты көсемше
Достарыңызбен бөлісу: