55
Аударма өлеңінен:
Жұрттың сөзі тағдырға адам
көнбек,
Бір антұрған еріксіз мезгіл
келмек.
Осы сенің қызығың, қуанышың
Сағымша жоқ боп кетіп
түгесілмек...
Бұл шумақтардың барлығында да философиялық ой-тол-
ғамды білдіруде де ақынға қызметтес (синоним)
-
у
және
-ады
қосымшалары жалғанған сөзден гөрі
-мақ
жұрнақты тұлға
қолайлылау, дәлдеу болған болу керек, өйткені алдыңғы екі
тұлғаның екеуі де әдеттегі қимыл-әрекетті білдіруге бейім, ал
-
мақ
жұрнақты етістік қазақ тілінде жалпы абстракт ұғымды
атауға көше бастаған.
Сөйтіп, талданған екі тұлғаның:
-ып
жұрнақты көсемше
мен
-мақ
жұрнақты етістіктің екеуінің де Абай өлеңдеріндегі
қолданысында уәж (мотивировка) бар, олардың бірі (көсемше
тұлғасы) көбінесе экспрессоид болып келеді. Әрине, троп-
тардың (Ахмет Байтұрсыновтың
терминімен айтсақ, көріктеу
әдісімен жұмсалған көрнекі тілдің) қай-қайсысы да белгілі
бір өң берілген қолданыстар болады да, олар да экспрессоид
(әсерсөз) қызметін атқарады.
Әсерсөздің қолданысында белгілі себеп, мақсат болады,
сондықтан оларды ғылымда уәжді (мотивированный) элемент
(сөз) деп атайды. Абай қолданысындағы талданып отырған
тұлғалардың уәжділігінің бір белгісі – олардың ұйқас құрауға
қатыстырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: