келеді,
Көшкен сайын
бір тайлақ
бос келеді
»
.
Қалған екі тармақ не жайылыңқы жай
сөйлем, не құрмалас сөйлем болып құрылады да, оның да баян-
дауышы сөйлем соңында тұрады: «Қарыңдастан айрылған жа-
ман екен, Мөлтілдеп екі көзден
жас келеді
»
.
Бұл жерде ұйқасқа
етістіктердің жалаң өздері емес, олар алдындағы сөздерді
қосаққа алып келіп тұр. Бұл тәсіл жазба поэзиядағы 11 буынды
өлеңдерде де қолданылады. Абайда: «
Жасымда ғылым бар
деп
ескермедім,
Пайдасын көре тұра
тексермедім.
Ер жеткен соң
түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен
кеш сермедім
»
...
7-8 буынды өлең-жырларда да осындай: «Аспанды бұлт
құрсайды,
Күн жауарға
ұқсайды.
Көлдерде қулар
шулайды,
Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге
ұқсайды
»
...
Әрине, бұл – ұйқастың барлық өлеңде сақталуға тиісті түрі
емес. Етістікке аяқталмайтын ұйқастар қаншама! Әсіресе жаз-
ба поэзия жалаң етістік ұйқастарды аса сәтті шеберлік деп
есептемейді. Бұған Мағжанның:
Талапсыз сорлы «ойлаған»,
Ойға терең «бойлаған».
Есалаң уға «тоймаған»,
58
Қажып бір ойын «қоймаған».
Есер жүрек «ойнаған».
Өлгенше үміт «жоймаған».
Жындыдай жалғыз «тойлаған».
Жалықтырды «ой» да «ған»...
Құрысын өлеңі
Қой бағам!–
дегені дәлел бола алады. «Өлең ұйқасы» деп ат қойған шағын
мысқылында Мағжандай поэзия ділгірі
ойланған ~ бойлаған
~ тойлаған
немесе
барады ~ қалады ~ талады
сияқты
ұйқастармен өлең жазу ақынды мәз етіп танытпайтындығын,
асыл сөз – өлеңді ондай қара дүрсінге салып ақын болғанша
қарап жүріп қой баққан артық дегенді айтады.
Әрине, бұдан ауыз әдебиеті қара дүрсін, жазба поэзия
«жетілген» деген пікір тумасқа керек. Сірә, ақындар өлең
жазғанда (не бұрын ауызша толғағанда) етістіктерді ұйқасқа
шығарайын ба, жоқ па деп ойламайды, бұл талғамды өлеңнің
мазмұны мен ойды ұсыну мәнері шешеді. Мысалы, ашық
райдағы етістік ұйқастар жырларда жиірек ұшырасады.
Бұларда белгілі бір оқиға, іс-қимыл баяндалады, демек, ба-
яндау стилі үшін оған ең қолайлы және интонациясы (айтылу
әуені, ырғағы) мен синтаксисі (сөйлемде атқаратын қызметі)
жағынан сай келетін құрылым – етістік баяндауыштың ашық
райда сөйлем соңында тұруы болады. Мысалы, «Қобыланды
батыр» жырында ұрысты немесе Тайбурылдың шабысын,
кейіпкерлердің жүріс-тұрысын баяндаған жерлері ашық
райдағы етістік ұйқастарға құрылған. «Сөзге сынық қылдың»
деп, басын кесіп алмақ болған Қобыландыдан қорқып,
батырдың алдынан шыққан Құртқаның қимыл-әрекетін
баяндаған жер былайша берілген:
Шыдай алмай қыз Құртқа
Және ашты
жабықты.
Жабықтан көзін
салыпты,
Салса ерді
таныпты...
Батырдан Құртқа қорыққан соң
Төмен қарап жер шұқып,
59
Өксіп жылай
қамықты.
Енді Құртқа
сасады,
Бетінен қаны
қашады,
Оқ етегін
басады.
Сасқан емей, немене,
Аш күзендей
бүгілді,
Құртқа жаннан
түңілді...
Мұнда түгел етістік ұйқастар. Оқиғаның өзі әлдеқайда
экспрессивті болғанмен, баяндау тәсілі өзіне тән морфоло-
гиялық-синтаксистік амалды қалап, етістіктер сөйлем соңында
және ашық райда берілген. Осы жырдың Тайбурылдың шабы-
сын суреттеген жерінде де ұйқастар бастан-аяқ ашық райдағы
етістіктер болып келеді, өйткені мұнда да баяндау реңкі бар.
Ал баяндау емес, суреттеу, толғау, нақыл-өсиет айту түрін-
дегі өлеңдерде ұйқасқа көбінесе өзге сөз таптары немесе
етістіктің ашық райдан басқа тұлғалары алынады. Мысалы,
Махамбеттің «Арғымақтан туған қазанат», «Таудан мұнар-
тып ұшқан тарланым» тәрізді Исатайдың портретін бер-
ген өлеңдерінде, сондай-ақ өзінің арман-мақсатын толғаған
«Еменнің түбі – сары бал», «Абайламай айрылдым», «Айна-
лайын Ақ Жайық» сияқты туындыларында ұйқас құрайтын
сөздер – ашық райдағы етістіктер емес. Біздің байқауымызша,
жалпы Махамбет өлеңдерінде етістіктің ашық райдағы тұлға-
сымен келген ұйқастар көп емес, оған басты себеп ақын
творчествосының тақырыбы мен стилінде. Махамбет – белгілі
бір оқиғаны баяндаушы, жырлаушы емес, сол оқиғаға өзінің
көзқарасы мен қатынасын білдіруші.
Өзге ақын-жыраулардың да әр алуан толғау, өсиет болып
келетін көптеген өлең-жырлары етістік ұйқастарды пайдалана
қалса, ол етістіктер көбінесе ІІ, III жақ бұйрық рай, өткен шақ
есімшенің жалғаулы, шылаулы және дара түрлері болып келеді
(мысалы, Бұқар жыраудың толғауларын қараңыз).
Сөйтіп, оқиғалы тақырыпты жырлайтын толғау, жыр,
қиссаларға негізінен ашық райдағы етістік ұйқастар тән де-
ген қорытынды айтуға болады. Абайда поэмалары мен бірді-
екілі өлеңінде болмаса, қалған өлеңдерінде ашық райдағы
60
етістік ұйқастар кемде-кем ұшырасады. Бұған негізгі себеп –
ақын поэзиясының тақырыбы мен мазмұны. Абай эпик емес,
оның өлеңдері – негізінен лирикалық шығармалар. Ал лири-
када іс-әрекетті баяндау сирек болатыны мәлім. Сондай-ақ
табиғат құбылыстары мен адамдарды (мысалы, сұлу қызды)
немесе жылқыны, я болмаса жүз жылғы өткен ескі киімді сөз
еткен өлеңдерінде суреттеу стилін ұстайды. Бұл циклдердегі
өлеңдердің бірде-біреуінде ашық райдағы етістік ұйқас жоқ,
керісінше, сын есім мен сындық ұғымда қолданылған өткен
шақ есімше жиірек кездеседі. Мысалы, «Аттың сынында»
зат есімдер мен туынды сын есімдер ғана ұйқастырылған.
Жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері де сондай. Тек
«Жаздыкүн шілде болғанда» өлеңінде өткен шақ көсемше
мен жатыс септіктегі есімше тұлғалары ұйқасқа алынған. Бұл
өлеңдегі өткен шақ көсемшенің қызметі мен ерекшелігі жай-
ында жоғарыда айттық.
Өткен шақ көсемше ұйқастарды қолдану қазақ поэзия тіліне
ертеден тән әрі актив тәсілдердің бірі екендігін де ескерттік.
Абай бұл норманы жақсы танып, ұтымды пайдаланған, соны-
мен қатар поэтиканың өзге жақтары сияқты, бұл жағына да өз
қолтаңбасын енгізген.
Сөйтіп, Абай өлеңдерінде етістік ұйқастардың басым
көпшілігі тиянақты баяндауыштар емес, олар не пысықтауыш,
не бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары болып келеді және
көп ретте образ жасауға қатысып, экспрессоидтік қызмет
атқарады. Бұл қызметте әсіреее
-ып
жұрнақты көсемше көзге
түседі. Ұйқасқа қатыстыруда Абай етістіктің өзге кейбір
тұлғаларын да активтендіреді. Олар
да
шылауымен тіркесіп
келген шартты рай тұлғасы («Жарқ етпес қара көңілім
не
қылса да», «Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да» деп бастала-
тын өлеңдері), барыс септіктегі
-у
жұрнақты етістік тұлғасы
(«Интернатта оқып жүр» деп басталатын өлеңінің екінші бөлігі
білуге, көруге, керуге, сөнуге
сияқты ұйқастарға құрылған), ба-
рыс, жатыс септіктеріндегі өткен шақ есімше («Қансонарда
бүркітші шығады аңға» өлеңіндегі
аңдығанға, із
салғанда,
самғағанда
деген ұйқастарды қараңыз),
-
мақ
жұрнақты
61
тұлғалар. Бұл соңғы көрсетілген тұлға да Абайда стильдік
жүкпен жұмсалған.
Ұлы ақын тіліндегі етістік ұйқастарды сөз еткенде, ерекше
атайтын құбылыс – Абайдың бұларды көбінесе моноұйқасқа
пайдалануы, яғни шағын тұтас бір өлеңді немесе ұзақтау өлең-
нің жеке бөліктерін бір ұйқасқа құруы. Бұл амал, бір жағынан,
ақынның сөз тапқыш шеберлігін танытса, екінші жағынан,
берілген образдардың оқырманға әсерін күшейтеді, үшіншіден,
ақын идеясын аша түсуге көмектеседі. Қорыта айтқанда,
ұйқасқа алынған етістік тұлғалары көп сәтте «ойнап тұрады»
жай тұрмайды, сөзден кесте төгіп, қызмет етіп тұрады.
Демек, Абай өлеңдеріндегі ұйқас суретінің де стильдік
мәні айрықша екенін көреміз. Сөздің стильдік жүк арқалауы –
шеберлікті көрсетеді, ал шеберлік – поэтикалық тілді танудың
бірден-бір көзі. Бұл орайдағы Абайдың ұсталығы ең алдымен,
жоғарыда айттық, көптеген өлеңдерінің жалпы бір ұйқасқа
(моноұйқасқа) құрылған тұтастығында. Моноұйқас ақынның
сол өлеңде айтпақ ойларын сомдайтын қызметімен қатар, сол
сомдалған идеяны тіл жағынан біртұтас, бір демдік дүние
етіп білдіруге
күш салады. Екіншіден, Абайдың моноұйқасы
әрдайым біркелкі сөз тұлғасымен берілмейтіндіктен, ақын
ұйқастырылатын тұлғалардың әр түрін іздеп табады. Мы-
салы, «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» деген өлеңінде
-
Достарыңызбен бөлісу: |