75
күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан енгізеді. Бұл
– өзіне дейінгі қазақ поэзиясында көзге түспеген құбылыс.
Мысалы, сүйіскен жастардың ішкі көңіл күйлерін суреттеу
үшін
суыну, ысыну, бос шошу, жүрегі лүпілдеп, саусағы суыну,
иықтары тиісу, көздері төмендеу
сияқты сөздерді өлең тіліне
қосады. Бұлар – нақты сурет беретін сөздер.
Абай поэзиясында жалпы толғаныспен қатар,
нақты кар-
тинаны берудің де кеңінен орын алуы тағы да оның шы-
ғармашылық ерекшелігі болса, мұның тілдегі көрінісі нақты
қимыл-қозғалысты, іс-әрекетті,
сын-сипатты білдіретін сөз-
дерді өлең тіліне еркін енгізуі болып табылады. Мысалы,
«Аттың сыны» деп өзіміз ат қойып жүрген «Шоқпардай кекілі
бар, қамыс құлақ» деп басталатын өлеңіндегі жылқының ке-
кілі мен құлағынан бастап көтендігіне шейін бүкіл сыртқы
түр-тұрпатын атайтын сөздердің шоғырымен келуі осы өлең-
нің мазмұны мен стиліне сай болып тұр. Немесе құс салып,
ит жүгірткен аңшылық туралы «Қансонарда бүркітші шығады
аңға» деп басталатын өлеңіндегі бүркіттің түлкіге түскен
картинасын, құсына мәз болған аңшының «сілке киіп ты-
мақты, насыбайды бір атып» көңілі жайланған пішінін бейне
қылқаламмен салған суреттей көз алдымызға елестетеміз. Де-
мек,
мұнда да
бүркітші, аңшы, қағушы, қыран құс, томаға,
түлкі
және
аузын ашып қорқақтау, тісін қайрау, қанат, құй-
рық суылдау
деген сөздер өздерінің тура номинатив мағы-
насында өлеңге қатыстырылады. Бұрынғы қазақ поэзиясында
мұндай сөздер көбінесе образ үшін алынатын-ды. Мысалы,
Махамбет: «Мен
ақ сұңқар құстың сойымын
»
Достарыңызбен бөлісу: