әурешілдік, бұзықтық
тұлғалары жоқ. Қазіргі қазақ әдеби
тілінде көбінесе стильдік мақсатта жұмсалатын
зайып, жұбай
сөздерін Абай қолданбаған, олардың орнына
жар
(39 рет) және
қатын
(бұл мағынада 21 рет) сөздері келеді.
Күллі
(8),
барлық
(13), бүкіл
(1),
тамам
(4) синонимдерінің ішінде ең активі –
барлық
сөзі, қазіргі норма бойынша жиі қолданылатын
бүкіл
71
сөзін Абай бір-ақ рет жұмсаған. Синоним болып келетін
қыл-
мен
ет-
деген көмекші етістіктердің алдыңғы варианты жиірек
қолданылған:
қыл-
409 рет,
ет-
123 рет келеді. Бұл – көмекші
етістіктердің
ет-
вариантының жандануы біздің заманымыз-
да, 30-жылдардан бермен қарай болғандығын көрсетеді.
Қыл-
варианты Абайда да, Абайдың тұстастарында да, тіпті олар-
дан бергі Ахмет Байтұрсыновтардың тілінде де
ет-
тұлғасына
қарағанда әлдеқайда актив қолданылған.
Өте бір қызық факт – «нәрсе» мағынасындағы
зат
сөзі
Абайда жоқ, бұл тұлға тек «шығу тегі, негізі» мағынасында
келіп төрт рет қана жұмсалған. Бұл ұғымда Абай
нәрсе
сөзін
133 рет,
нәсте
сөзін бір рет қолдану арқылы берген. Сондай-
ақ бұл күнде жиі қолданылатын
өте
деген үстеу Абайда
мүлде жоқ, оның орнында
бек
(17),
аса
(1),
тым
(16)
дым
(8) тұлғалары қолданылған. Бұл да бірқатар сөздердің
(әйел,
зат, еңбек, өте
т.б.) қазақ әдеби тілінде соңғы 50-60 жыл ішін-
де жанданып нормаға айналғанын білдіреді. Әрине, бұл сөздер
қазақ тілінде Абайға дейін де, оның тұсында да қолданыста
болған, бірақ жиі жұмсалатын актив қорға кірмеген.
Сөз статистикасының мәліметіне үңілсек, Абай тіліндегі
кейбір синонимдік қатарлардың мынадай қолданысын көре-
міз:
Алла
133,
Құдай
160,
Тәңірі
43 рет келеді, демек, Абай-
да түркінің «өз Құдайы»
Тәңірі
сөзін ертеден енген парсының
Құдайы
мен арабтың
Алла-сы
«жеңіп кеткен», бұл ұғымның
халық тіліндегі
Жаратушы
(7),
Жасаған
(1) варианттары да
көрініс тапқанмен,
Алла
мен
Құдай
сөздеріндей актив емес.
Халық
кірме сөзі де – Абай заманында енді жандана бас-
таған сөз, оның түркілік (қазақтық)
ел
(179),
жұрт
(133)
сөз-
дері бұрынғыша Абайда да әлі актив. «Жұмыс» мағынасын
осы сөзден гөрі
(жұмыс
18 рет келген)
еңбек
(87),
қызмет
(26) синонимдері жиірек береді. «Еңбек» мағынасын
бейнет
сөзімен білдіру күні кешеге дейін орын алып келді, Абай-
да да сондай, ол
бейнет
сөзін «еңбек, жұмыс» ұғымында да
жұмсаған («Абай тілі сөздігінде» кейбір сөздердің түсінігі дәл
және толық емес: осы сөз мұнда «азап, қиыншылық, мехнат»
деп қана түсіндірілген). Мысалы, ақын-әке Әбдірахмандай
ұлын жоқтағанда: «Көзіңді салдың тұрғыға,
бейнетін
қиын
72
көрмедің» дегенде, Әбдірахманның қатар-құрбысының оған
тарттыратын азабын, қиыншылығын емес, артатын қызметін,
жұмысын айтып отыр. Әрине,
бейнет
сөзінің «азап, мехнат»
мағынасы да бар, бұл мағына көбінесе
бейнет тарту, бейнет
-
ке түсу, бейнет шегу
сияқты тіркестерде көрінеді.
«Өлең тіліндегі сөз» тақырыбын қозғағанда, келесі назар
аударатын жайт – ақын тіліндегі сирек қолданылатын этно-
графизмдер мен бірді-екілі көне сөздер. Бұлардың көркемдік-
бейнелеуіш қызметі жайында өз алдына әңгіме болады. Бұл
жерде айтпағымыз – Абайдың сөздік қазынасында, сөз таң-
дауында кездескен, бұл күнде екінің бірі тап басып мағынасын
тани бермейтін этнографиялық атаулар сияқты пассив қордағы
сөздер.
Абай мағынасына күңгірт сөздерге аса үйір болмаған.
Қазірде көп қолданылмайтын этнографизмдердің тобы жүз
жылғы өткен ескілік киімі туралы жазылған өлеңінде кезде-
седі. Олар:
дәндәку
(«кісенің оқшантаймен қатар тұратын
былғары қалтасы», бұл – «Абай тілі сөздігінің» түсіндірмесі,
190-б.),
шидем шекпен
(«қой жабағысын сыртынан шекпен-
мен қаптаған күпі» – сонда, 700-б.),
жарғақ шалбар
(«илен-
ген, жүні қырылма жұқа теріден тігілген шалбар»),
мықшиған
етік
(«биік өкшелі, шоқима етік», 449-б.),
құрысқақ
(тобылғы
тиек),
пыстан
, («көпшіктің шетіне қағатын қалпақты шеге»,
506-б.). Бұл сөздерді ақын образ үшін емес,
өз заманынан көп
бұрын өткен кезеңдегі қазақтардың киіну қалпын оқырман-
ның көз алдына елестету үшін олардың тура өз мағыналарында
жұмсаған. Бұл тұста біз үшін маңызды нәрсе – Абайдың ескі-
лік киімдерінің түрлеріне, олардың атауларына назар аударуы.
Бұл күнде сирек қолданылатын мұндай көне этнографизм-
дердің қатарына көшкен сөздерден Абай тілінде кездесетін-
дері деп
ақшомшы
(«түйеге астық артқан керуен»),
жыға
(бас киім),
шонтай
(қалта),
аламандық
(жаугершілік),
абыз
(Абайдың өз түсіндіруінше, «әуелде шаман дініндегілердің
өз молдасына қоятын аты екен», ал жалпы «ақылгөй, көпті
көрген, көп білетін адам» деген мағынада қолданылады)
сияқты есім сөздер мен
алқау
(«қолдау, жақтау, жарылқау»),
денеу
(«жеңу»),
дүрсу
(«кісімсу»),
еріштіру, кезнесу
(«ұялу,
73
қысылу (?)»),
қасыну
(«тиісу») тәрізді етістіктерді көрсетуге
болады. Бұлардың бірқатары образ үшін қолданылған. Мы-
салы,
жыға
сөзі «бағы таю» мағынасындағы
бастан жыға
қисаю
тіркесінде ғана келтірілген. Өлеңінде қолданылған
абыз
сөзі де: сырты
абыз
бар, желғабыз бар – деген тіркесте келіп,
сыртынан қарағанда ақылман, білгіш көрініп, ішкі дүниесіне
келгенде желқуық, бос кеуде адам деген образды беріп тұр.
Сирек қолданылатын сөздердің тура номинатив мағынасын-
да жұмсалғандары да жоқ емес. Өлең тексі тек қана біртұтас
образдардан тұрмайтыны белгілі, демек, қажет жерінде сөздер
тура мағыналарында жұмсалады. Бұл да суреткер шеберлігінің
бір қыры болып табылады.
Абай тіліндегі, сырт қарағанда сирек, не көне, не жергілікті
сөз болып көрінетін қолданыстардың және бір тобын атауға
болады. Олардың бірлі-жарымы – жасанды неологизмдер
(арызшы, амалшылық, бәлсу
т.б.) енді бірқатары –
бадалық,
(мақтаныш),
бату
(өш, қас),
қышыну
(пәле іздеу),
сырдаң
(сырғақ) сияқты сөздер. Бұлар, сірә, тілде бар, бірақ орнын та-
уып ілуде бір жұмсалар тұлғалар болу керек.
Абай – көптеген жаңа тақырыптарға барған немесе тақы-
рыпты жаңаша жырлаған ақын. Мысалы, адамның мораль-
дық бет-бейнесін сөз етуде, тіпті оның сыртқы портретін
беруде жоғары материя – философиялық толғаныстарға барған-
да, сондай-ақ табиғатты өлең тілімен суреттегенде, Абай
бұрынғы қазақ поэзиясынан өзге үлгіге көшеді: оның ой-тол-
ғаулары дидактикалық стильден аулақ. Ол ар-ұждан, мораль
жайын өлең тақырыбы етсе, соларға қатысты категориялар
жайында ой толғайды, сондықтан Абайға осы категориялар-
дың түсін түстеп, атын атау қажет болды. Нәтижесінде көпте-
ген абстракт есімдерді термин дәрежесіне көтеріп, қолда-
ныстарын жандандырды. Бірінші топта жоғарыда өзге қыры-
нан әңгіме болған
адамдық, адамшылық, ғылым, ой, оқу, өнер
сөздерін көрсетуге болады. Бірқатар абстракт ұғым атауларын
өзі жасады.
Ақын (жазушы) тіліндегі жаңа қолданыстарды тілдік
(лексикалық) және стильдік неологизмдер деп айырып қарау
керек. Лексикалық неологизмдер затты, құбылысты, іс-әре-
74
кетті атау қажеттігінен туады. Стильдік неологизмдер ондай
қажеттікпен емес, белгілі бір мақсатпен тек сол контексте
ғана қолданылады. Абайдың лексикалық неологизмдері деп
көбінесе қара сөздерінде кездесетін дерексіз ұғым атаула-
рын көрсетуге болады. Олар
Достарыңызбен бөлісу: |