92
берген өлеңінде: «Қирә, тін оқытып Көріп едім –
шатылды
»
дейді. Мұндағы
шатылды – шатасты
сөзінің синонимі, оның
тек шатасу емес, сол шатасудың нәтижесінде ұсталып қалу
(надандығын білдіріп қою) деген де реңкі бар, бірақ бұл жер-
де ақын дәл осы синонимді қолданғанда алдыңғы және кейінгі
жолдармен ұйқас құрау талабынан шыққан. «Мен жасымнан
көп
көрдім Мұсылманды,
кәпірді.
Абыралыдай көрмедім На-
маз білмес
пақырды.
Қирә
,
тін оқытып Көріп едім –
шатылды.
Ниет қыла білмейді не қылады
нәпілді
»
...
«Ішім өлген, сыртым сау» деп басталатын өлеңіндегі: «Кісі
алдында кірбеңдеп
Шабан, шардақ
және
шау
»
деген
жолда-
рында ұйқасқа алынған
шау
сөзі де синонимдік қатардан таң-
далған болса, бұл да 28 жолдық бір өлеңнің
сау~жау~
япырмау~дау...
деп кете беретін біркелкі ұйқасы үшін алынған.
Бірақ бұл тәсіл өзгелерде де, Абайда да аса жиі қолданылмаған,
өйткені күшті ақын әдетте ұйқас іздеп қиналмайды, ал
қатарынан ондаған жолдарды бір ұйқасқа кұру – Абай үшін
қалыпты құбылыс. Бір өлеңге
немесе өлеңнің бірнеше
тармағына (жолына) бір ұйқасты алу, яғни моноұйқас – Абайда
өлеңнің тұтастығын сомдайтын тәсіл. Мұндайда Абайдың өлең
ырғағына келгенде мықты ақын екендігі ғана көрінбейді, соны-
мен қатар сөз байлығы, сол байлықты айтпақ ойына (өлеңнің
тақырыбы мен мазмұнына) орайластыра жұмсау таланты
ғаламат екені байқалады.
Қазақ өлеңінің ұйқас суреті жағынан да, моноұйқасты
қолдану жағынан да Абай – теңдесі жоқ әрі кейінгілерге жол
салған ақын. Бұл жайында өз алдына жеке айтылды.
Абай синонимдердің мағыналық реңктерін айтпақ ойының
мазмұнына сай қолданады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: