бағу
мен
қарау
сөздері –
синонимдер. Бірақ алдыңғысы «қарау» мағынасында кез келген
сөзбен тіркеспейді, өйткені бұл етістік деректі (материалдық)
затқа көз тігу деген ұғымды емес, дерексіз (абстракт) нәрсеге
көңіл қою (қарау) деген мағынаны білдіреді. Сондықтан
Абайдың: «Суретін көре алмассың көп
бақпасаң
»
дегенінде көз
салатын, қарайтын нәрсе – құс салудың суреті (абстракт ұғым).
Келесі бір өлеңінде: «Өз хатыма өз көзім Ұялып, қорқып
баға
алмас
»
десе, мұнда да «бағылатын» (қаралатын) – хат жазылған
қағаз емес, оның мазмұны.
93
Синонимдерді таңдауда олардың мағына жағынан нақты
немесе жалпылық ұғымдарды білдіруін, мағыналық қосымша
реңктерінің стильдік жүк жағынан жоғары (асқақ) не төмен
(пәс) қызметте жұмсалу қабілеттерін, экспрессиясы жағынан
бейтарап немесе әсерлі болып келетіндерін Абай тап басып,
жазбай танып отырған. Мысалы, жоғарыда Абай тұсындағы
қазақ әдеби тілінің нормасы тұрғысынан әңгіме болған
әйел,
қатын, ұрғашы,
деген сөздерді енді синонимдік қатарлардың
қолданысы жағынан қарастырсақ, қазақ жазба тілінде актив-
тене бастаған кірме араб сөзі
әйел
деген мен байырғы түркілік
ұрғашы
синонимін көбінесе «әйелзат, әйел атаулы, әйел жыны-
сты» деген мағынада жұмсайды. Мысалы: «Хан қаһар, қара кісі
қастық кылса, Сонда
ұрғашы
болмай ма арашашы...
Ұрғашы
да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған
тиер» деген жолдарда
ұрғашы
жалпылық ұғымды – «әйел жы-
нысты адам, әйелзаты» дегенді білдіреді. Абайда
әйел
сөзі де
тек қана осы мәнде: «
Әйел
адам гүлмен тең, дымды сүймек...
Әйел
жақсы болмайды көркіменен»... Ал
қатын
сөзін нақты
біреудің әйелі (қосағы, жұбайы) деген ұғымда да, «әйелзаты»
деген жалпы мәнде де қолданған. Демек, бұл синонимдердің
Абайда жұмсалу орны бар: бірі екіншісін алмастырмайды. Бұл
жерде тек
әйел
сөзінің бір қолданысы жайында тоқталуға тура
келеді.
«Әйелің –
Медет қызы, аты – Өрім» деп басталатын за-
мандасы Қарынбай деген жігітке сын-ескерту ретінде айтқан
бір ғана шумақ өлеңіндегі
әйел
сөзі, сірә, түпнұсқада
қатын
болуы керек, өйткені, біріншіден, бұл – біреудің әйелі, жұбайы
мағынасында айтылған, ал Абай
әйел
сөзін тек «әйелзаты, әйел
жынысты» деген ұғымда жұмсаған дедік, «біреудің әйелі»
мағынасында
қатын
сөзі келуге тиіс. Демек, Медет қызы
Өрім – Қарынбайдың қатыны. Екіншіден, бұл төрт жол 1940
жылы ел аузынан жазылып алынған. Үстіміздегі ғасырдың
20-30-жылдарынан бастап
әйел сөзі
«біреудің әйелі, жұбайы»
мағынасында да жұмсалып,
қатын
сөзін әдеби нормадан
ығыстырған.
Қатын
сөзі тіпті дөрекі сөздер қатарына көшкен,
демек, 1940 жылдары жоғарғы бір шумақ өлеңді ауызша
жеткізуші өз кезеңінің нормасына салып, «
Қатының – Медет
қызы, аты – Өрім» деудің орнына
«Әйелің...»
деп ұсынған бо-
94
лар, сірә,
қатының
десе, Абай үшін дөрекі деп тапқан болар.
Әрине, бұл – біздің логикаға сайған жорамалымыз, мүмкін
Абайдың өзі де
әйел
сөзін «жұбай» мағынасында жұмсай
бастаған болуы, бірақ әйтеуір қайткенде де бұл сөздің «жұбай»
ұғымында жұмсалуы Абайда жеке дара тұр.
Синонимдік қатардағы
Достарыңызбен бөлісу: |